Валюта бағамы USD : 333.53 | EUR : 392.1 | CNY : 50.4

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Туған күнін мешітте атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)

Кеше әнші Қарақат Әбілдина өзінің туған күнін атап өтті. Ол барша достарын жиып, деке меншік мерекесін Астанадағы Хазірет Сұлтан мешітінде атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)Кешке тек қана қыз-келіншек жиналды.

Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)Танымал тұлғалар мешітке орамал тағып келді.

Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)

Мешітте туған күнді атап өту секілді жаңа үрдіске жол ашқан Қарақатты желі қолданушылары түрлі пікірлерін айтты.

Кейбірі әншінің бұл әрекетін құптамаса, екіншілері, керісінше, оны жақсы үрдіске балады.

Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)Кеш барысында Тамара Асар «Құрсақ шашу» салтын орындап, Қарақаттың аяқ қолын бауырына аман-есен алуы үшін, қыз-келіншекке түрлі әшекей-бұйымдар таратты.

Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)Мешітте жасаған туған күн кешіне әнші «Үміт көктемі» деген атау беріпті. Жиылған дос-жаран сол жерде «Құрсақ шашу» салтын өткізіп, аяғы ауыр Қарақаттың аман-есен босануына тілектестік білдірді.

Туған күнін Астана мешітінде атап өткен Қарақат сынға қалды (фото, видео)Кешке оның жақын достары Айнұр Тұрсынбаева, Гүлбаршын Заирова, танымал журналистер мен әншілер келді.





40 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мақсұт 7 Сәуір, 2017, 09:57

    Туған күн өткізуге имамдар рүқсат берсе ,Қарақат кінәлі емес

    Жауап жазу
  2. Айнұр 7 Сәуір, 2017, 10:03

    Бəрекелді. Құтты болсын.

    Жауап жазу
  3. Қолқоюсыз 7 Сәуір, 2017, 10:09

    осы әншлер нестерін білмидіаудимін :oilanu:

    Жауап жазу
  4. Сания 7 Сәуір, 2017, 10:09

    Қазқатар ешқашан тұған күндерін атамаған, мүшел жастан шыққанда ғана атап өткен

    Жауап жазу
  5. Жүсіп 7 Сәуір, 2017, 11:37

    Мешіт Алланың үйі туған күн тойлайтын жер емес құлшылық ететін орын

    Жауап жазу
    • Сәбит 7 Сәуір, 2017, 14:12

      Мен мүлдем қарсымын. Қарақатты өте сыпайы, білімді десем. мақтаншақттықа. жариялыққа басым көрінеді.

      Жауап жазу
  6. Муслим 7 Сәуір, 2017, 14:06

    Алла хидаят берсін

    Жауап жазу
  7. Сәния 7 Сәуір, 2017, 14:18

    Баласын аман тусын десеңдерші. Қайтсін, демек сол баланы қатты уайымдайтын болар.Ерсі ештеңе көріп тұрған жоқпын,құран оқытылса, бір жағынан аруақтарға ас берілгені шығар. Мүмкін аян берді ме екен.Қарақат пен Қыдырәлі үлгі боларлық, өнерлі, ұлтжанды отбасы ғой.

    Жауап жазу
  8. Əбдімəлік 7 Сәуір, 2017, 15:13

    Туған күнді өткізуге мешіттен басқа жер жеткілікті ғой.Бұл не қылғаны.Шариғатқа қайшы келе ма,оны имамдар айтар.Мен өзім түбегейлі қарсымын.Бұдан кейін модаға айналып кетпесе жарар еды.

    Жауап жазу
  9. Мұзбелбеу 7 Сәуір, 2017, 16:24

    Енді бәсеке басталмаса игі. Бақталастар мешітте той өткіземін деп тантымаса болғаны. Мешітте әйел мен еркек бөлек отырмас па, Қыдырәлі әйелдер арасында неге жүр? :aaa:

    Жауап жазу
  10. Өмір 7 Сәуір, 2017, 17:20

    Ұят болған екен,басқа жер таппады ма? Арзан болғаннан соң қонақтарын сонда шақырған ғой….

    Жауап жазу
  11. алшын 7 Сәуір, 2017, 18:20

    иә, ең басты тақырып осы. «хитке» айналуға құмар отбасының бірі . имамдар кінәлі екені рас. кілең «жың-шайтан» жиналып алланың үйі мешітте шулап ән салып жатыр. мұсылман халқы туған күн өткізбейді, тіпті мұхаммед пайғамбар ғ.с.с. туған күнін де жылдың белгілі бір күні ретінде мұсылман баласы тойламайды. бірақ мәуліт мерекесін атап өтеді. хадиша, фатима аналар туған күні де тойланған емес. бұл жерде басқа «ойланған» мәселе бар. «туған күн» бір жағынан сылтау болса, екінші жағынан «құрсақ шашу» дейді бұлар. қазақтың бұл ырым-салтын өз шаңырақтары, зәулім хан сарайы тұрғанда қасиетті жерге кеп өткізгеніне жол болсын. құдайдан қорықпайтын адамдар атақ үшін бәріне де барады екен дейсің. «ойланған» мәселе мынау – мешіт табалдырығын аттамайтын «жұлдыздарды», қыз-қырқынды «қораға кіргізіп» жатыр. осыдан кейін олар етек жеңін қымтап, орамал салып мешітке келсе құба-құп, жақсы болар еді. қазақтың салт дәстүріне мойын бұрып, имандылыққа ұйыса дейсің. мына жерде қыдыралының жүріс тұрысы әрине , тіптен оғаш. ханымдар арасында қой бастаған серкедей ойқастап жүргенімен ол бар болғаны қарақаттың «көлеңкесі» емес пе. имамдардың да бір «ойлағаны» осы шығар дейміз. әрине талқылануы керек.

    Жауап жазу
  12. қазақ 7 Сәуір, 2017, 19:44

    Кезекті сәбиі, аман-есен дүние есігін ашсын-деп,жоқ-жітікке құдайы тамақ ретінде тарқатса, сауапты іс болар еді.

    Жауап жазу
  13. Қолқоюсыз 7 Сәуір, 2017, 19:47

    Астапыралла!
    Құдайым сақтасын!
    Ақыр заманның белгiс! Мешiтке туған кунiн тойлап деген не? Енді әншілера
    Алланың уйiне шықты ма? !

    Жауап жазу
  14. алшын 7 Сәуір, 2017, 21:35

    астыңғы қабатта мейрамхана бар еді, бірақ туған күн жасауға, өлең айтуға ұлықсат жоқ.қой. тек садақа , діни іс шара өтеді.

    Жауап жазу
  15. Қолқоюсыз 7 Сәуір, 2017, 22:50

    Алла өзі кешірсін егер біліп істемесе.

    Жауап жазу
  16. Нұрлан 7 Сәуір, 2017, 23:52

    Қазақтың әйелдерінің бәрі дәл осылай жүру керек. Орамал таққан қазақ әйелдері қандай әдемі. Барлық жерін жауып киінген қазақ әйелдері ашық шашық жүрген әйелдерден миллион мәрте әдемі және өте нәзік көрінеді.

    Жауап жазу
  17. Қолқоюсыз 8 Сәуір, 2017, 04:01

    ақмаңдай әнші ару елге өкпе – назын басқа сайттардан білдіріп жатыр «ақтан неге қаралық іздеуге құмар болдыңдар екен» деп. мен ойлаймын «ойбай-ау, сенің атың елде жоқ қарақат қой, қарақат ! сенің жүрген тұрғаның көз алдымызда бадырайып көрніп қалады ғой» деп,

    Жауап жазу
  18. Дака 8 Сәуір, 2017, 10:42

    Жаннан жан шығару оңай емес. Алланың нұры шашылып аман есен босансын.
    Мешітке үмітпен келіп отыр ғой жаным
    Аман болсын

    Жауап жазу
  19. Бика 8 Сәуір, 2017, 16:17

    Уят бул енди неге мешит? Мешит тои жасаитын жерме неге Имандар осыган жол берген.Басеке бул аншилердин акшалары коп болса жетимдермен ауру балаларга комек берсин.Буган енди жол бермеу керек .

    Жауап жазу
  20. Аллаһтың құлы. 9 Сәуір, 2017, 06:53

    Бәленің бастауына себеп болған қияметке дейін жалғасты болса, сонша адамдардың күнәсінің үлесін алады. Мысалыға: Адам атаның баласы Қабыл өз бауырын өлтіргені үшін. Ең бірінші адам өлтіруді бастағаны үшін, қияметке дейін қаншама адамдар өлтірілген болса, соншама солардың үлесін өз мойынына арқалайлы. Сол үшін де кім де кім жақсылықта бастау алса, қияметке дейін соның жақсылығын алады. Ал кімде кім жаманшылыққа бастау болса, қияметке дейін сол жаманшылығының үлесін алады. Және соған серік болып, құптап, жақтаған адамдар да.

    Жауап жазу
    • 123 14 Сәуір, 2017, 07:36

      Дұрыс айттыңыз

      Жауап жазу
    • 123 14 Сәуір, 2017, 07:39

      Егер біреуге 1 теңге қарыз болып бұл дүниеден өткен болса, қияметке дейін қанша күн болса, ал енді күніне бір теңгеден есептей бер қанша шығатынын!
      Сол сияқты жаман амалға бастау алған, бид’атқа бастау алғандар қаншама!

      Жауап жазу
  21. Осыны қаламаған 9 Сәуір, 2017, 23:44

    Іштері пысқан əншілер ай PR үшін енді мешітке көз салғанба

    Жауап жазу
  22. Оқушы 9 Сәуір, 2017, 23:49

    Расында мен Қарақат пен Қыдыралыны үлгі боларлық отбасы дегенмін, ал бірақ мына ақылға қонымсыз жағдайдан кейін қалай үлгі тұтпақпыз….

    Жауап жазу
  23. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017, 01:45

    осы сұлу келіншектер жұма намазына келіп тұрса, шіркін. қара ала, торала кижап кигендер жоғалар еді.

    Жауап жазу
  24. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017, 04:13

    ол да дұрыс қой. бірақ басқа мән бар. әйел адамдар мешітке етеккірмен келуге болмайды. харам саналады . әр адам әр айда дүниеге келетіні сияқты, әо әйелдің етеккірі де әр мезгілде келеді. мұны қарақат білмеген де имамдар бұларға ескертеді дейсің бе. мешітке келгендер тазарып жуынатын, дәрет алатын арнаулы орындар бар. бұл алғы шарттардан кейін мұсылман жамағат өз қауымдарымен бірге намазға тұру керек. содан кейін істелетін шараларына кірісуге болады емес пе. әрине аяғы ауыр әйел адам мешітке келуден, намазға тұрудан босатылады. бұл жерде әйел жамағаттарға шариғат шарттарын түсіндіретін діни сауатты, қажы әйелдердің бірін мешітке қызметке алу қажеттігі көрніп тұр. болмановтың мешітке жалаңбас келу де дұрыс емес. түрі де тәрбие көрген қазақ емес.

    Жауап жазу
  25. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017, 08:27

    Рұқсат берген имамның миы жоқ екен. Астағфируллах.

    Жауап жазу
  26. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017, 08:32

    Мейрамхана аз болып Енді мешітті жын ойнаққа айналдырайын дедіңдерма оңбағандар. Адамдар ол жерде күнәсін жуып шаю үшін құлшылық етіп жүрсе мыналар той тойлап жүргені не деген масқара. Қыдырəлінің миы бар екен деп ойлаушы едім. Олда бір жүрген жарым екен

    Жауап жазу
  27. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017, 08:44

    Шет елдің əншілерін шақырып жібермедіңдерма. Жартылай жалаңаш. Енді қайрат нұртас мешіттерде концерт берсін нюша қыздарыңызға қошемет деп. Қазақ десең өзіңе тиеді

    Жауап жазу
  28. Ислам жан ашыры 10 Сәуір, 2017, 09:45

    Мына масқараны өз басым ысырапшылдыққа бағалар едім және мақтаншақтыққа.Игі іс жасағысы кесе садақа берсін.Беріп жүрсе тағы берсін.Мешітте өлен құран емес музыка қосып шулап жатыр.Естігенім және көргенім бар еді Мешіттін ішінде қол шапалақтауға болмайды.Аллаху Акбар деп айтыңдар деп.Мешіт сыртына жасаса бір жөн бұнысы мүлдем дұрыс болмады.

    Жауап жазу
  29. Қолқоюсыз 10 Сәуір, 2017, 23:50

    қарақаттан басқа қазақтың қатыны бала таппап па, алдында тамараның да аяғы ауыр екен деп шулатты. сонша жарнама жасап не керек бұларға. анабір «тоқал алғыш» к….ті құртап кеткен болмановтың жер көкке сыймай тірлігі ғой.

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 14 Сәуір, 2017, 01:03

      Осы біздің аналарымыз жер-жаһанға жар салмай-ақ 5-баласында,10-баласында ешбір ың-шыңсыз босанатын еді.Бұлардың бала бітуі де,тууы да бір жыр болды ғой.Ой,керемет деген сайын есерсоқтанып,пайғамбарды дүниеге әкелетіндей.Қанша бала тусаң да,ол сенің жария салып,аттандайтын,мақтанып,елдің қытығына тиетін жөнің жоқ.Ешкім-ешкімнен артық емес.Бәрі бір адам баласы.Мені көрдіңдерме деп ел алдына шығып,ақыл айтпай,отырмайма үйлерінде.Қазахтың ер-азаматтары,әйелдеріңді басқа шығарып,бұлай тайраңдата бермеңдер.

      Жауап жазу
  30. алшын атырау 14 Сәуір, 2017, 03:38

    «құрсақ шашу» «жарыс қазан» сияқты халқымыздың жақсы жоралғы, салттары ислам дінінің қағидаттарына үйлесе бермейтінін ескеру керек. қазақтың бұл ырымы, дәстүрі ислам елдерінің көбінде жоқ. ырым жасауға шариғат қоспайды. дүниеге келетін ұрпақ – ол алланың аманаты. қарақат мұны түсініп халқының реніш, ескертепсін ескерсін дейміз, артық кеткен жерлері болса кешірсін, көңіліне алмасын. бәрінен ушықтырған үшінші мәселе – қазіргі туған күн, сырласу кеші деген нәрселерді осыларға тықпалағанында, кірістіргенін де болып тұр. бұл үшеуі үш қайнаса сорпасы қосылмайтын түрлі әлем ғой. елдің көзалдында жүрген әншісің, сенен кейінгі жас үлгі алады, соны ескер. «жұмақ – ананың аяғы астында».дейді қазақ. аяқ-қолың жеңіл болсын. қазақтың сүйкімді ұл-қыздарын дүниеге әкеле бер, қарақат .

    Жауап жазу
  31. Динара 15 Сәуір, 2017, 16:12

    Мешіт Алланың үйі емеспе. Бұл не масқара. Туылған күнді тойлайтын басқа жер таппағандай. Қазақ эстрадасының әншілері бастарына орамал тартып мұсылман бола қалыпты ғой.Алла өзі кешірсін. Есіргендерді.

    Жауап жазу
  32. Қолқоюсыз 15 Сәуір, 2017, 20:34

    әрине, қыз-келіншектерге арнап халықтың ырым , салттары бірін жасағысы келсе туған күн, «сырласу кеші» орнына «бастаңғы» дегенді жасай салуға болар еді. оған жас әйелдер жиналады ғой. мұның бәрі қазақ дәстүрін, жоралғыларын білмегендіктен туындайды. мұның әрине дінге қатысы болмас еді.

    Жауап жазу
  33. Гаухар 8 Мамыр, 2017, 00:03

    жаңылмайтын жақ сүрінбейтін тұйақ жоқ.пенде болғансоң қателескеншығар.қателігіне сабақ болғаншығар.кемшіліксіз Аллағана .пенденің бәрі күнәхар.Әркім өзінің күнәсіне қарасын!

    Жауап жазу
  34. қол қоюсыз 9 Маусым, 2017, 14:59

    бұл барып тұрған топастық, надандық деп ойлаймын, алланың үйін шулату деген ақылы шамалы екен қарақаттың осыны дұрыс деп тапса имамдар қайда қарап отыр десенңздерші ой сұмдықай!!!!!!!!

    Жауап жазу
  35. Файруз 18 Маусым, 2017, 13:21

    Ақыр заман деген осы…… басталып келе жатыр ақыр заман

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*