Елбасы ЭКСПО қонақтарына шұбат ішкізуді тапсырды

Похожее изображение

«ЭКСПО» көрмесіне келетін қонақтар Маңғыстаудың шұбатымен шөл бассын. Мұнайлы өлкеге жұмыс сапармен барған елбасы жергілікті шаруаларға осындай табысты маркетинг тəсілдерін ойластыруды тапсырды деп хабарлайды 24.kz.

Қара алтын қорын жастанып жатқан аймақ шикізаттық емес саланы қолға алса, түйе шаруашылығын дамытып, көкөніс өсірсе, өңір басқа қырынан танылар ма еді дейді президент. Демек осы салаларға инвесторларды молынан тартып, ел игілігін бірлесе иегеретін уақыт жетті.

Жергілікті билікке жүктеген міндеттерінде мемлекет басшысы осы жайттарға мұқият мән берді. Еліміздегі теңізге шығатын жалғыз айлақ Ақтауда. Қазақстанды еуразиялық көліктік-логистикалық жəне іскерлік хаб ететін де осы теңіз қақпасы болуы тиіс.

Сондықтан Ақтау халықаралық теңіз айлағының əлеуетін кеңейту қашан да мемлекет назарында. Сол себепті президент Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күнін Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрылымының дамуын бағамдаудан бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасына қомақты үлес қосып отырған ұжыммен жүздесіп, хал-жағдай сұрасты.