Валюта бағамы USD : 314.4 | EUR : 343.83 | CNY : 45.6

Аяулы жан екен ғой әпке деген!

Абзал ана, асыл жар, әзіз әже бола білген Күләш әпкеміздің он балалы Жарылқасын Иса әулетінің тұңғышы ретінде біз үшін  орны ерекше.  Ол аяулы анамыз Зейнеп Әубәкірқызына  қолғанат болып, бәрімізге тәлім-тәрбие беріп,  іні-сіңлілерін арқалап өсірген ардақты жан. Биыл Алпыстың асуына шығып отырған Күләш әпкемізге бар жақсылықты, бақыт пен ырыс-құтты, шаңы­рақ шаттығын тілеп, мерекеңіз берекеге айналсын дейміз. 

Алла жар болып, марқұм Сәрсенбай жездеміз екеуіңіз мәпелеп өсірген ұл-қыздарыңыз­дың, немерелеріңіздің қызығын көріп, жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!

Аз болмай жүрсем дағы әттегенем,
Ақынмын ардақтыға тапқан өлең.
Қайда жүрсе, қалмайтын қамқорлығы,
Аяулы жан екен ғой әпке деген!

Бастадың бір әулеттің көшін білсең,
Кішілер артық кетсе кешірдің сен,
Үлкені он баланың болғаннан соң,
Бәрімізді арқалап өсірдің сен!

Ізгілікті әрдайым іздеп өттің,
Бүгінгі күн елеулі, бізге ерек күн!
Шаңырақтың шаттығы шалқи берсін,
Алла қолдап әрдайым, Жүзге жеткін!

Зор құрметпен, інілеріңіз бен сіңлілеріңіздің,
келіндеріңіздің атынан
Қазыбек Иса

qazaquni.kz





9 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Қыдырәлі 4 Сәуір, 2017, 23:08

    Жасыңыз ұзақ болсын әпке перзентеріңіздің қызығын көріңіз!

    Жауап жазу
  2. Zhumabek Tabyn 5 Сәуір, 2017, 13:49

    Қазеке, Жүрсін! Аяулы әпкелеріңнің асқаралы алпысы құтты, қайырлы болсын!

    Жауап жазу
  3. Қазыбек 5 Сәуір, 2017, 13:51

    Рахмет, Жұмеке! Алла жар болсын!

    Жауап жазу
  4. Салтанат 6 Сәуір, 2017, 19:08

    Иә, әпке деген ардақты ғой! Құтты болсын!

    Жауап жазу
  5. Сәду 6 Сәуір, 2017, 19:09

    Отбасыдағы он баланың үлкені болса, үлкен жауапкершілік арқалаған екен, әпкеміз. Жүзге жетіңіз!

    Жауап жазу
  6. Іңкәр 6 Сәуір, 2017, 19:10

    Қазыбек Иса ағамыз он балалы семьяда өскен екен ғой! Әпкеміздің туған күні құтты болсын, аға!

    Жауап жазу
  7. Рахман 6 Сәуір, 2017, 19:13

    Аз болмай жүрсем дағы әттегенем,
    Ақынмын ардақтыға тапқан өлең.
    Қайда жүрсе, қалмайтын қамқорлығы,
    Аяулы жан екен ғой әпке деген!

    Дұрыс айтасыз, ақын болғанның бақыты осы шығар! Жүзге келіңіз, әпке!

    Жауап жазу
  8. Махамбет 6 Сәуір, 2017, 19:15

    Осындай елге белгілі бауырларыңыздың құттықтауы бойыңызға қуат, ойыңызға шуақ сыйласын! Құтты болсын асулы Алпыс жасыңыз!

    Жауап жазу
  9. Қолқоюсыз 7 Сәуір, 2017, 23:46

    қазыбек иса, апаңның алпыс жасы абыройлы болсын! мен сізге желі де бірнеше рет ескерттім, мына жаңалықтарың арасына парно суреттеріңізді құртыңдар деп. елге, бала шағаның арасында қарайтын бет жоқ. жоғарыдағы жалаңаш әйелдердің суретің сайттарыңды » балалар «болса оны да қызметтен жоқ қылыңыз. апа, аналарыңды сыйласаң солай!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*