Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция қызметі қайта қаржыландырылмақ

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында жарияланған Екатерина Никитинскаяның депутаттық сауалына мемлекеттік органдар Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция қызметін қайта қаржыландыруға дайындалуда – деген жауап алынды. Мәжілістің пленарлық отырысында фракция депутаттары шенеуніктердің бюрократиялық қателік салдарынан Қазақстан сейсмологтарының жұмысына жабылу қаупі төніп тұрғанын баяндады. Отырыста Сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедицияның қаржыландырылуы сөз болған еді. 2017 жылға мемлекеттік тапсырыстардың тізімін жасақтау кезінде Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің теріс шешімі салдарынан сейсмологиялық ақпараттарды бақылау қызметі аталмыш тізімге енбей қалып, экспедиция қаржыландырусыз қалған еді. «Ақ жол» депутаттарына хабарласқан сейсмологтар Табиғи монополияларды реттеу Комитеті экспедиция қызметін «Геологиялық барлау мен ізденістер қызметі» ОКЭД 71122 кодына жатқызып, қателік жіберген. Бірақ сейсмикалық бақылаулар және мониторинг геологиялық барлауға жатпайды. Сейсмология – техногендік және апаттық жер сілкінісін зерттейтін геологияның бөлімі. Және де елімізде осы сала бойынша қызмет ететін бір ғана мекеме бар. Ол аталмыш экспедиция. «Бағдарламаның әкімшісі ретінде БжҒМ атынан Табиғи монополияларды реттеу Комитетіне осы және де өзге де дәлелдер айтылғанымен, комитетке өздерінің бюрократиялық қателігін қайта карастырғаннан гөрі адам өмірі мен тыныштығын қатерге тіккен әлдеқайда оңайырақ сияқты – деп Е.Никтинская өз сауалында атап өткен еді. Қауіпті аймақта Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде өмір сүретін адам саны 9 млн. Ел қауіпсіздігі үшін экспедициянын барлық құрамы – 300-ге жуық сирек мамандық иелері атқарып отырған қызметтерінің маңыздылығын түсініп, қаңтар айынан бері қаржыландырусыз және жалақысыз жұмыс жасап келеді. Бірақ мұндай ерлік шексіз жалғаса алмайтыны анық. Сондықтан болашақта жағдай өзгермесе экспедиияға жабылу қаупі төніп, сейсмикалық жағдай бойынша бақылаулар тоқтауға мәжбүр». Сейсмологиялық мониторингтің әлеуметтік-экономикалық жоғары маңыздылығын ескерген фракция депутаттары Премьер-министр Б.Сағынтаевқа жүгінді. Аталмыш мәселе бойынша сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедицияның қызметін қалыпқа келтіру шараларын шұғыл түрде қабылдауға өтініш білдірген еді. Аталмыш сауалға жақында Үкіметтен ресми жауап келіп, Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедицияны «Сейсмологиялық ақпараттарды мониторингтеу» мемлекеттік қызметінің атқарушысы ретінде оң шешім шығарғаны туралы жазылған. Премьер-Министрдың хатында 2017 жылдың мемлекеттік тапсырыстар тізіміне «Сейсмологиялық ақпараттарды мониторингтеу» мәселесін Республикалық бюджеттік комиссиясының жақын арадағы отырысында талқыланатыны айтылды. Сонымен бірге, Комиссияның оң шешіміне сәйкес 2017-2019 жылдарға арналған Үкіметтің республикалық бюджетті игеру қаулысына тиісті өзгертулер енгізілетіні де атап көрсетілген. «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz