Рианна Астанада өнер көрсетуі үшін қанша қаражат қажет?

Картинки по запросу рианна

Рианна Астанада өнер көрсетcе қанша қаражат жұмсалуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, осыған дейін Рианнаның Астанада қашан өнер көрсететіні жайлы хабарланған болатын. Бұл туралы EXPO көрмеcінің ресми сайтында жазылған еді. Бірақ кейін ол мәліметтер белгісіз бір себептермен сайттан өшірілді.

Бірнеше жыл бойы шетелдік жұлдыздардың кештеріне және басқа да іс-шараларды ұйымдастырумен айналысып жүрген мамандардың бірі Рианнаның концертіне шамамен 1,5-2 миллион доллар жұмсалуы мүмкін екенін айтты.

"Қанша гонорар болатынын нақты айта алмаймын, себебі оның өнер көрсетуі корпоративтік болуы мүмкін немесе концерт ретінде өтуі мүмкін. Корпоративтік гонорар концерттің гонорарынан өзгешелеу. Концерт түрінде өтсе, гонорар 1,5 миллион доллар болуы мүмкін. Сондай-ақ, қалған шығындарды - ұшып келу, орналастыру және тағы да басқа шығындарды қосатын болсақ, 2 миллион доллар қажет. Рианнаның корпоративтік гонорарын айтатын болсақ, бүгінде ол шамамен 3 миллион доллар болады", - деді халықаралық промоутер.

Сондай-ақ, маман әлемдік жұлдыздардың кем дегенде бес жұлдызды қонақүйде тұратынын айтып өтті.

"Кем дегенде бесжұлдызды қонақүй немесе президенттік номер. Сонымен қатар, көптеген әртіс өзімен бірге концертке қажетті жабдықтарын әкеліп жатады", - деді маман.

Ал тағы бір маманның айтуынша, Рианнаның концертіне шамамен 1,2-2,5 миллион доллар қаражат кетуі мүмкін. Оның айтуынша, барлығы концерт өтетін жерге, аренаға, техникалық райдерге және ұшып келуінің шығынына байланысты.