Валюта бағамы USD : 314.4 | EUR : 343.83 | CNY : 45.6

Аналарының аяғын жуып құрмет көрсеткен қазақтар елді сүйсінтті

Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінің жамағаты аналарын құрметтеп, ардақтаудың үлгісін көрсететін өзгеше шара өткізді. Бұл туралы Stan.kz жазады.

Жиынға қатысқан әрбір мұсылман анасына деген махаббатын шын жүректен білдірді. Анасына Алладан дұға етіп, амандығын сұрап, қолдарынан сүйіп, мүбарак зәмзәм суынан ұсынды және аналарының аяғын жуып берді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі.

117430_1490591235_890_530_0

Әз аналардың аяғын жуу рәсімін өткізген соң, аналар қауымы өзінің балаларына ризашылығын білдірді. Хадисте: «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», – делінген.

484932_1490591235_890_530_0

Алла Тағала Құрандағы «Лұқман» сүресінің 14-аятында: «Маған және әке-шешеңе шүкір ет», – деп бұйырған. Ал, Пайғамбармыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жаннат –  аналардың табандарының астында» делінген. Біз, мұсылмандар, аналарымызды тек Наурыз мейрамы кезінде ғана емес, өмір бойы сыйлап өтуге міндеттіміз, борыштымыз.

514592_1490591235_890_530_0

625399_1490591235_890_530_0

515367_1490591245




4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Дарияш 30 Наурыз, 2017, 11:35

    Аналарға қаншама рет қызымет жасасаңда , олар жасаған қызметтеріне қанша болсада жете алмаспыз :unatu:

    Жауап жазу
    • Қолқоюсыз 31 Наурыз, 2017, 19:52

      Бас бітіп,аяққа түстік.Осындай әсіре мақтан,жағыну,көрініп қалу,жуа ма, сүйе ме,иіскей ме,шәлду-бәлду,бықи-шықи,бір ақылмен ой тастайтын,алдыңғы қатарлы ел болудың үлгісі,оқумен,біліммен,ғылыммен мақтансақ,халқымыздың жағдайын Норвегия,Швеция т.б.деңгейіне қалай көтереміз десе бір сәрі-ау.

      Жауап жазу
  2. асет тама 24 Сәуір, 2017, 12:12

    Мұның бәрі показуха.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*