Алаштың 100 жылдығына орай "АЛАШ АЙБАРЫ" турнирі өтеді

Картинки по запросу алаш айбары

Алашорданың 100 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде "Алаш айбары" атты ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді.

Бұл туралы "ALASH PRIDE" клубының Президенті Данияр Қасқарауов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

Сәуірдің 1-і күні сағат 19:00-де басталатын бұл додаға Еуропа және ТМД елдерінің үздік спортшылары қатысады деп күтілуде. Турнирде жекпе-жек әлемінде өз орындары бар отандастарымыз - Шыңғыс Қайранов, Асу Алмабаев, Сүлейман Исаев, ауыр салмақта Асылжан Бақытов секілді 10 балуан ел намысын қорғайды.

Билеттерді kassir.kz сайты арқылы ала аласыздар.