Премьер-министр кеңсесінің басшысы тағайындалды

Нұрлан Алдабергенов Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Baq.kz.

Премьер-министр кеңсесінің басшысы тағайындалдыАлдабергенов бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі қызметін атқарды.

Нұрлан Шәдібекұлы Алдабергенов 1962 жылдың 19 қарашасында дүниеге келген.

1996 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болды.

1999 жылдан - Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры.

2004 жылдан - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.

2007 жылдан - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.

2012 жылдан бастап бүгінге дейін Еуразиялық экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу алқасының мүшесі болды.

Айта кетейк, бұған дейін ҚР премьер-министр кеңсесінің жетекшісі қызметін атқарған Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.