Қызылорданың қойлары да тікұшақпен ұшады (ФОТО)

Қызылорда облысында төтенше жағдай қызметкерлері жүздеген қойды тікұшақпен құтқарған. Әлеуметтік желі қолданушысы Қозы-Көрпеш Жасаралұлы құтұару сәтінің суреттерін өз парақшасына жариялады, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.

"Қызылорданың қойлары да тікұшақпен жүреді (Қызылорда облыстық ТЖД су ортасында қалған 402 бас ұсақ малды құтқарды)" деп жазды Қ-К.Жасаралұлы парақшасында.
Желі қолданушылары құтқарушылардың бұл әрекетіне риза. "Бір бас қойдан төл алуға қанша күш-қайрат жұмсалады. Ал 400-ден аса деген жарты отардан артық. Үлкен шаруа тындырған екен ТЖ" деп жазады Н. Әбжанов есімді қолданушы.