Ақтау тұрғыны немересінің интим суреттерін порносайтқа жариялап жіберген

[caption id="attachment_66799" align="aligncenter" width="733"]Секс, Порно, Интим, Эротика, Анал, Орал, БДСМ, Минет, Видео Көрнекі сурет[/caption]

Ақтауда 62 жастағы ер адамға немересін суретке түсіріп, оны порносайттарға жариялады деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.

"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ақтау тұрғынының айтуынша, ол бұл отбасымен таныс. Ер адам суретке түсіруді ұнатады екен.

"Ол жұмысында ұсталды. Ер адам қала орталығында орналасқан сауда орталықтарының бірінде күзетші болып жұмыс істеген", - деді ақтаулық әйел.

Басылымның мәліметінше, Ақтауда бұл осымен бірінші рет болып отырған жағдай емес.

Дереккөз: tengrinews.kz