Ұлт көсемі Әлиханнан, ұлтымызға қатысы жоқ Цой артық па?!.

[caption id="attachment_66614" align="aligncenter" width="604"]Виктор Цой Виктор Цой[/caption]

Қарағанды қаласының билігі совет заманындағы танымал рок-музыкант Виктор Цойға ескерткіш орнатылатыны туралы жариялады деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ескерткіш тұрғызу жоспары жайлы Қарағанды билігінің қоғамдық қорлардың бірімен бірге қол қойған меморандумға байланысты мәлімдеген. Меморандумда Олимпиада көшесіндегі скверді абаттандыру жобасын жүзеге асыру қарастырылған.

«Бұл жобаның қорытынды бөлігінде белгілі әнші, музыкант, актер Виктор Цойға ескерткіш орнатылады» делінген Қарағанды әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратында.

Жоба құны қанша тұратыны сәуір айында жария етілмекші.

Картинки по запросу әлихан бөкейханов

(Қазақ үні, ред.) Еске сала кетейік, Қарағандының экс-әкімі аудандардың біріне ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның есімі беріледі деп уәде еткен болатын. Уәдесін орындамаған Әбдібековтың орнына келген облыс әкімі Қошанов бұл бастаманы аяқсыз қалдырмас деп сенеміз.

Қазақ халқына еш еңбегі сіңбеген атақты әншінің емес, елі үшін шаһит болған ұлт көсемі Әлиханның еңселі ескерткіші орнатылуы тиіс.

Дереккөз: Азаттық радиосы