Атақты бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірді

Бірқатар атақты боксшылар «Трипл Джидің» «Миракл Мэннен» ұтылғанын мәлімдеді деп хабарлайды prosports.kz.

Атақты бокс жұлдыздары Головкиннің жеңісіне күмән келтірдіБокс жұлдыздары «Твиттер» әлеуметтік желіде Головкин – Джейкобс кездесуіне қатысты пікірлерін айтты.

«Джейкобс өте сауатты жұдырықтасты, оның кездесуге «геймпланы» жақсы болды. Жекпе-жек өте тартысты өрбіді. Міндетті түрде матч-реванш қажет», - Пол Малиньяджи.

«Әділетсіздік! Менің ойымша, Дэнни жеңіске жетуі тиіс еді», - Питер Куиллин.

«Трипл Джи» тізгінді өз қолында ұстамағанын білді. Оның жекпе-жектен кейінгі түрің көрдіңіздер ме?», - Остин Траут.

«Керемет жекпе-жек!», - Теренс Кроуфорд.

«Бұл тамаша бокс кеші болды! Джейкобс батыр сияқты жұдырықтасты», - Габриэль Росадо.

«Дэниел Джейкобсқа үлкен құрмет», - Серхио Мора.

«Гонсалестен жеңісті жұлып алды, ал Джейкобс Головкиннен мықтырақ болды», - Абнер Марес.

«Қос боксшы да ұлы жекпе-жек өткізді!» - Шугар Рэй Леонард.

«Джейкобс Головкинге қарсы тамаша кездесу өткізді. Қос боксшыны да керемет жекпе-жекпен құттықтағым келеді!» - Адонис Стивенсон.

«Джейкобстың сұмдық өнеріне тәнті болдық! Головкинге құрмет, бірақ бүгін Дэниелдің кеші болды», - Андре Берто.

«Головкин мен Джейкобсты құттықтаймын. Мұндай жекпе-жек үшін алғыс айтамын. Боксты неліктен жақсы көретінімізді тағы бір мәрте дәлелдеңіздер», - Оскар де ла Хойя.

«Дэниел Джейкобс керемет жекпе-жек өткізді. Головкин сәл басымдықпен жеңіске жетті. Бірақ менің ойымша, тең нәтиже тіркесе де болар еді. Матч-реванш қажет деп ойлаймын», - Шейн Мосли.