Өздері сайқымазақ болған соң бүкіл халық сайқымазақ болсын дей ме?

Похожее изображение

Адамбайыптар - ана тілінің, қоянбайыптар - ұлттық арнаның түбіне жетпек екен...

"Қоянбайып ұлттық арнаның бас продюсері болса, жетіскен екенбіз - бұған дейін шоу қаптады деп айғайлаушы едік, шоудың көкесі енді болады" деп едім, түйсігім алдамапты.

Алматы студиясы жабылып, "Таңшолпан" шоуға айналса - Ертісбаев қиратып кеткен ұлттық арнаны соңына дейін құлатып бітіруді көздегендері де...

Өздері сайқымазақ болған соң бүкіл халық сайқымазақ болсын дей ме?

Ұлттық телеарнаның күні адамбайыптар мен қоянбайыптарға қараған соң, не сорым...

Маңдайының соры бес елі болған қайран ана тіл, қайран ұлттық арна, қайран қазақ... Жауың - орыс та емес, өзге де емес - өзің болдың...

Мықты бағдарламалар жасап, рейтингті де, идеологияны да көтеруге болады, ал ол үшін екі миллион халқы бар мегаполис - Алматыны пайдалана білу керек. Тақырып та, тақырыпты ашатын кейіпкерлер де, жаңалық та, сенсация да - Алматыда! Алматы - мәдениет, әдебиет, өнер орталығы! Керісінше, Алматыдағы студияны жаңғыртып, жандандырса, дұрыс пайдаланса, Ұлттық арна көп мәселеде ұтар еді.

Астананың аязында не СНХ ала алмай, не кейіпкер таппай, не аудитория жинай алмай қиналған талай әріптесімді білемін...

Өкінішке қарай, Алматы филиалында баяғы қайнап жатқан өмір жоқ, қаңырап бос тұр... Соған қарағанда, ол ғимарат та біреулердің көзінің құрты болған шығар...

Сәуле Әбілдаханқызы,

Фейсбук парақшасынан