АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІНІҢ 750 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН ТАТАРЛАР ТОЙЛАМАҚ

Қазақтар "Шыңғысхан - қазақ" деп, ал Назарбаев "Біз - Алтын орданың мұрагеріміз" деп, Қазақстан Республикасы "Қазақ хандығының - 550 жылдығын" тойлап мәз болып жүргенде түбі бұлғарлар болып келетін, Алтын орда территориясының бір бөлшегі ретінде ғана болған қазіргі Татарстандағы татар атауын иеленген бұлғар ұлты "Алтынорда және татар хандықтары" деген халықаралық конференция өткізіп, оған 18 мемлекеттен 113 ғалымды шақырып алдағы жылдары Алтын орданың 750 жылдық мерейтойын өткізіп, сол алып Империяның тікелей мұрагеріміз" деп өздерін бекітіп алуды жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуде.

Бұл туралы Аманғали Әбуов есімді фейсбук желісінің қолданушысы өз парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ Үні" ұлттық порталы.

- Міне, сорлы қазақтың рухсызданып, өткенінен жеріп, ел болудан қалып бара жатқанын көршілеріміз пайдаланып даңқты өткенімізді иеленуде. Моғолдардың империясын құрған Шыңғысханды бертінде "моңғол" деген атауды иеленген қазіргі Моңғолиядағы халқалар иеленіп алды, ал түбі бұлғарлар болып келетін, бертінде ғана "татар" атауын иеленген қазіргі Татарстан - Алтын Орданың мұрагерлігін тартып алмақ.

Осылай кете берсе ертеңгі күні өзбектер Оңтүстікті, ұйғырлар Жетісуді, орыстар Солтүстікті, татарлар Батысты, қытайлар Шығысымызды иеленіп, не Жерсіз, не Тілсіз (билік құртып жатыр ғой), не Отансыз тобырға айналмасымызға кім кепіл?.. - деп жазды Әбуов.

Фото Аманғали Әбуова.

Картинки по запросу алтын орда картасы