Қазақстандық хоккейшілер жапондықтарды ойсырата жеңіп, Азиаданың алтынын еншіледі

Азиада-2017 аясында өткен хоккей турнирының финалында Қазақстан және Жапония құрамалары кездесті деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстандық хоккейшілер жапондықтарды ойсырата жеңіп, Азиаданың алтынын еншіледіБірінші кезеңде-ақ отандастарымыз қарсыластарының қақпасына жауапсыз төрт шайба лақтырды. Матч соңына дейін бұл көрсеткіш тағы үшке дейін өсті. Қорытынды есеп - 7:0. Қазақстан - Азиада чемпионы.

Азиада-2017. Шайбалы хоккей. Финал.

Қазақстан - Жапония -7:0.

Шайбалар: Ярослав Евдокимов 1, 30; Илья Ковзалов 3, 59; Кирилл Савицкий 5; Никита Михайлис 13; Константин Савенков 36.