Қабағым жарылғанда бір секунд ішінде елімді ойладым - Қанат Ислам

"Қазақтың абыройы, елдің, көк тудың жығылмауы мен үшін үлкен мақсат. Бірінші раундта ондай болады деп ойлаған жоқпын. Қабағым жарылған кезде бүкіл есіл-дертім, бір секундтің ішінде мен бүкіл елімді ойлап кеттім сол жерде. Ондай кезде он екі раундқа салатын күшті бір раундқа салу керек. Не бар, не жоқ. Сондай шешім қабылдауың керек", - деп әңгімеледі Қанат Ислам "Қазақстан" арнасының тілшілеріне берген сұхбатында соңғы жекпе-жегі жайлы.

Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам 18 ақпанда өткен кездесуде бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.