Өскемендегі салондардың бірінде ерлерге жалаңаш қыздар қызмет көрсетеді

Өскемендегі ерлерге арналған салондардың біріндегі жалаңаш қыздардың суреті WhatsApp желісіне тарап кетті. Биік өкше, стринги киіп, фартук таққан қыздардың үстіндегі бар лыпа осы ғана. Бұл туралы ИА «NewTimes.kz» хабарлады.

Суретке қарағанда, қыздар ерлердің шашын ретке келтірсе, олардың екі әріптесі лесби шоу көрсеткен сияқты.

Әйтседе салон қызметкерлері бұл тек фотосессия үшін жасалған деп ақталуда. Шын мәнінде қыздар Өскемендегі стриптиз-клубтың бишілері көрінеді.

«Бұл фотосессия жарнама компаниясы мен «ZEBRA» стриптиз-клубының бірігіп жасаған фототсессиясы болатын. Тек кейбір суреттер желіге тарап кетті»,- дейді барбершоптың әкімшілігі.

Өз кезегінде, Қазақ Үні порталы мұндай бассыздықтың құзырлы органдармен тексеріліп, ұйымдастырушыларды заң бойынша жауапкершілікке тартуды талап етеді!..