Қатыгез әке екі жасар баласын зират басына байлап, тастап кетті (фото)

Қытайдың Лифу қаласында екі жасар баласын зират басындағы бамбук ағашына байлап кеткен қатыгез әке жұрттың ашуын келтірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы longroom.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қатыгез әке екі жасар баласын қақаған аязда зират басына байлап, тастап кетті (фото)Зират маңындағы бамбук ағаштарының арасынан баланың жанайқайын естіген жергілікті тұрғын онда жетіп барғанда, өз көзіне сенбеген. Қыз баланы зираттағы ағашқа күннің суығында әкесі байлап кетіпті. Бүлдіршін әбден тоңып, шошып қалған.
Қатыгез әке екі жасар баласын қақаған аязда зират басына байлап, тастап кетті (фото)

Белгілі болғандай, қыздың ата-анасы ажырасып кеткен. Әкесі бұл жайтқа кішкентай қызын жазалау арқылы әйелін қайтарып алмақ болған көрінеді. 28 қаңтар күні табылған балақайдың фотосы БАҚ-та тарап, жұрт туған қызын өлім аузына қалдырған ер адамды ащы сынға алды.