БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы бар

Шетелдік БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен тікұшағы барын жарыса жазуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы барЖақында сарапшылар Владимир Путиннің мүлкін есептеп, оның 199 млрд доллар қаражатпен әлемдегі ең бай адам атана алатындығын алға тартқан. Президент атындағы Черномор сарайы мен суперяхтаның өзі £ 800 млн тұрады. Ал Роман Абрамович сыйлаған яхтаның құны £ 28 млн-ға барады.
БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы барОсылайша Microsoft негізін қалаған Билл Гейтстен үш есе бай болуы мүмкін Ресей президенті ресейлік қордың менеджері Билл Браудердің CNN арнасына берген сұхбатына сәйкес, 2015 жылы $ 200 млрд байлыққа ие болған.
БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы бар

"Ол Ресей билігіндегі 14 жыл ішінде мектепке, көшелер мен емханалар құрылысына кетуі тиіс қаражатты швейцариялық банктегі өз шотына аударып отырды", - деп сендірді Билл.

Алайда Путин тек президенттік жалақыдан түскен табысы мен екі пәтері барын алға тартып, бұл ақпараттарды жоққа шығаруда.