Димаш Досанов баскетбол федерациясының президенті болып сайланды

20 ақпан күні Астанада Димаш Досанов Ұлттық баскетбол федерациясының жаңа президенті болып сайланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы al-bclegion.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Димаш Досанов баскетбол федерациясының президенті болып сайландыАстанада Ұлттық баскетбол федерациясының есептік конференциясы өтіп, құрамаға жаңа басшы ретінде Димаш Досанов сайланды. Бұған дейін аталмыш қызметте Абай Алпамысов болған. Ол ұйымның бас хатшысы атанды.

Димаш Досанов 1981 жылы 2 қарашада Алматыда дүниеге келген. Қазақ Ұлттық университеті мен Қазақ экономикалық университетін тәмамдап, Джорджтаун университетінде магистр дәржесін алған. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян тілдерінде сөйлей алады.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу адуанындағы шағын және орта бизнесті дамыту қауымдастығының менеджері қызметінен бастаған. Одан кейін «ҚазМұнайГазда» түрлі қызметтерде болды.

2016 жылдың қаңтарында «ҚазТрансОйл» бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2016 жылдың 6 тамызынан бастап «ҚазТрансОйл» бас директоры атанды.