Валюта бағамы USD: 319.42 | EUR: 339.08 | CNY: 46.59

Қазыбек Иса: Сабыр Мүсілімұлы қазақтың ұлтшыл, ақынжанды жігіті еді…

Оған  деген халықтың ықыласы соншама, ол түрмеде жатқанда сыртынан депутат етіп сайлап жіберген еді…

Сабыр Мүсілімұлы

Тәуекел Мүсілімді  экраннан көрген сайын өнері мен түр -тұлғасына риза болып жүретін едім.  Кейін қазақтың әйгілі батыр жігіттерінің бірі Сабырдың ұлы екенін естігенде, бірден әкесі есіме түсті. Тәуекел әкесіне қатты тартыпты. Ол дұрыс айтады, Сабыр қазақтың батыр, ұлтшыл, ақынжанды жігіті еді.

Сабырмен   Алматыда даңқы дүрілдеп тұрғанда кездесудің  сәті түспеді. Оның атының өзі көп нәрсені шешіп кететін еді ол кезде… Кейін Шымкентте жүргенде жолығып қалып жүрдік. Алғаш ол өзі келіп жолықты. Өзі қап-қара шашы бұрқыраған, келісті келген, екі иығына екі кісі мінгендей ұзын бойлы еді. Сол кезде сәнге айналған ұзын етекті былғары қара плащ оны тіпті зорайтып көрсететін.  Бұл кезең Алматыдан бастап, әр қалада   митингілер пайда болып,  ұлттық мәселелер көтеріліп, әділдік іздеген  жиындар жиі болып жатқан кез еді. Менің  ұлттық мәселелерді көтеріп жүрген, атым шығып қалған  ақын-журналист екенім әсер еткен шығар, Сабыр маған құрметпен қарап жүрді. Мен өзім қысылып қалатынмын  даңқты батырдың  ондай ықыласына. Сол кезде Шымкентте облыс басшыларына, жекешелендірудегі былықтар, сыбайлас жемқорларға қарсы күресіп жүрген белгілі саясаткер-кәсіпкер  Өмірзақ Мелдеханов ағамыздың кеңсесінде жолығатын едік.  Көбінесе, ол сол жерде болатын, мүмкін істейтін…  Әділдік іздегендердің бәрі осы кеңсеге келетін еді.

Сабырға  деген халықтың ықыласы соншама, ол түрмеде жатқанда сыртынан оны облыстық  мәслихатқа депутат етіп сайлап жіберіп, қызық болған еді. Қарсыласының өзі оңай адам емес еді… Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында болған мұндай оқиға бұрын-соңды болған ба, болмаған ба, білмедім… Ол кезде қазіргідей емес, алғашқы демократиялық  кезең, сайлауда әділдік бар еді… Кейін облыс басшылары қатты сасып, қырғын болып, ақыры түрмеде жатқанына сілтеп, мандат бермей қойды….

Бірде бір мәселемен (шамасы Өмірзақ ағаны қорғау үшін) облыстық сотқа бірге бардық. Сонда екеуміз оның бастауымен ұлттық мәселелер, қазақ тілінің ауыр халі жөнінде көп әңгімелесіп, ұлтшыл, намысшыл, қайсарлығына және жан-жақты білігіне қатты риза болған едім. Менің өлеңдеріммен, мақалаларыммен  жақсы таныс екенін біліп, жақын тартып кеттім.

Ауырып, жүдеңкіреп жүрген кезі еді ол. Соның өзінде оның жиында болғанының өзі  үлкен сес беріп тұратын.

Кейін қайтыс болғанын естідік. Түрмеде жатқанда жұқтырған ауыр кесел ақыры алып тынғандай…

Жатқан жері жайлы болсын жайсаң да, қайсар қазақ батырының!

Әкесінің  даңқын өнерде өзінің талантымен жалғастырып жүрген жарқын дарын Тәуекел бауырыма  әрдайым Ақ жол тілеймін!

 

   Қазыбек ИСА,

  qazaquni.kz



10 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мөде қаған 18 Ақпан, 2017, 12:24

    Естігенім бар Сабыр туралы 90жылдар бірақ таныс емесбіз əрбір облыстан аймақта Қазақ елінде өз батырлар ержүрік ар намыс жігіттер болған өкінішті көбі өмірден өтті солардын бəрі өзіміз Қазақтар өлтірдік Алматылық Фестивал Баха, Сары Алмаз тағы басқалар айта берсен.Оралдағы Оралбек марқұм ағамыз болды ол қорқу деген білмейді. тек ғана алға жалғыз барады өзі кездесуге Ресей қалаларын барған мəселен шешуге бір кезде Шымкентге барған самолетпен жалғыз өзі мəселен шешуге оны шешді жепке- жек жалғыз өзі шыға береді қорқу білмейді жеңілсем жер көтеріді деп ағамыз жеңілген естіген жоқпын бір кездері Оралда базарында 9 жігітті Қазақтын бірдей тас жаратындай өте əліпті бойлар 185/190 см тау қопырандай дəу жігіттері жыққан кейбірлер нокаунтға түсген бар кинодағы сияқты Оралбек ағамыз өте əділетті болды артында ештене қалған жоқ не ақша доллар зəулім үй болған жоқ қарапайын Қазақтын баласы болып өтті өмірден қатегезбен өтірді ер жігітге жатпады қылықтары қорқа болғансын солай істеген ғой бəрібір Аллах көріп тұр бір күні сазайларын алады олар (біреуге ор қазсан сол орға сен бір күні түсесің). бір жұма далада жатып қалған бір өкінішті сол

    Жауап жазу
  2. Махамбет Ерғали 18 Ақпан, 2017, 17:21

    Нағыз батылар осы Сабырлар, Сабыржандар, Сары Алмастар ғой! ғой.

    Жауап жазу
  3. Serik Zhanbolat 18 Ақпан, 2017, 17:22

    Иә, Сәкеңмен аңда-саңда араласып тұрған едік. Дене бітімі ғана емес, ой-өрісі де кең, азаматтығы биік тұлға болатын.

    Жауап жазу
  4. Botagoz Uatkan 18 Ақпан, 2017, 17:22

    Keremet!

    Жауап жазу
  5. Заңғар Кәрімхан 18 Ақпан, 2017, 17:24

    Бұл даланың ержүрек азаматы, ұлтшыл қазақ Сабыр Мүсілімұлын «қылмыс әлеміндегі авторитет», «вор в законе», «рэкет» деп жазып жатыр. Ұлынан сұхбат алған Ая қарындасымды түсінемін, ұлдар тақырыбын жазуда қателесуге қақы бар шығар.

    1990 жылдардың батырлары туралы айтқанда оңтүстік аймақтың баскөтерері Сабыр Мүсілімұлының қылмыс әлеміне үш қайнаса да сорпасы қосылмайтынын ескеруіміз керек. 1926 жылдардан бері үзіліп қалған Наурыз мерекесін қайта тойлауды бастаған, әр ауылдың жас азаматы елі үшін еңбек етуді көксеген, сол үшін бұл шаңырақта өмір сүретін өзгелердің астамдық көрсетпеуін қадағалаған жан – Сабыр Мүсілімұлы. «Вор в законе» дегендер кімдер? Олар – ТМД аумағы бойынша әмірлік жүргізіп, жүйе орнатқан «орыс ұрылары», солардың «заңына» бағынғандар. Ал «қылмыс әлеміндегі авторитет» дегенді өзіміздің ақ жағалы «ағайындар» шығарған. «Рэкет» сөзін кім көрінген қалай қолданам десе де өз еріктері, алайда оны Мүсілімнің рухы мықты баласына жапсыру жөн болмайды. Қазақстанда «вор в законе» атанып, ресми мойындалған екі адам бар: Серік Голова (Жаманаев), Леха Маймыш. Марқұм Сабыр ағамыз бұлардың қатарында жоқ, болған емес. Болмайды да.

    Менің кейіпкерім «Рыжий Алмаз»: «Біз кімбіз? Қарақшымыз ба, рэкетпіз бе, әлде еліміздің «Робин Гудымыз» ба? Біз мына өмірден кеткен соң біз туралы ойлап, естеріне алар ма екен?!

    …Мен көп ойланам өзімді және жігіттерді алда не күтіп тұр деп, ішкі сезім болашақ жоқ дейді, оны өзің көріп тұрғандай, барлық жерде «орыс ұрылары».

    Бәрі жеке кәсіпке кетті, бірақ оны ешкім түсінгісі келмейді. Әрдайым бәсекелестермен қырылысқанша жеке кәсіппен жұмыс істеген оңай ғой. Бірақ бізге өз еліміз Қазақстанда өмір сүргізіп, жұмыс істетпейді!» деп 1993 жылы жанындағы ең сенімді серігіне айтып кеткен.

    Осы сөз – сөз! Әлі де өзекті, әлі де күн тәртібінен түскен емес.

    Заңғар КӘРІМХАН.

    Жауап жазу
  6. Данебек Курманбаев 18 Ақпан, 2017, 19:00

    Иманы саламат болсын! Қазақтың нар жігіттері ғой. Қазір керек сондай жігіттер!

    Жауап жазу
  7. Тойбол 18 Ақпан, 2017, 20:01

    Бундаидаь Казак Жаманды Кудай алама Жаксыны Кудай кояма демеушмаеди Итке алгысыз тирижандар Буткул Базарларды ортеп Халыкты канкаесатып жур Егер Осы Казактын Жигиттери Аман тургандагой

    Жауап жазу
  8. Бауыржан Игілік 18 Ақпан, 2017, 23:48

    Леxа Маймыш (Леxа Семипалатинский) бұл да анау-мынау адам емес. Абай данышпанның қара сөздерін орысша қалай сөйлеткенін тыңдаған боларсыздар. Тәржіма керемет! Және өте нәзік иірімдерге толы лирикалық өлеңдері де бар.

    Жауап жазу
  9. Shynar Dumankyzy 18 Ақпан, 2017, 23:49

    Тектіден тек текті туады деген осы шығар.

    Жауап жазу
  10. Мөде қаған 21 Ақпан, 2017, 00:49

    Иманды саламат болсын барлық Қазақ жігіттерді. қазіргі кезде нардай батыл тек шындық айтадын тура жол көрсетін ар намысшыл адал Қазақ жігіттер керек əрбір аймақтан Қазақ елін қоғам қорғау тəртіп жəне Оян Қазақтар бауырларым ауыз біршілік керек.сатқындар жол жоқ бізге бөтен зат ұйым қоғам (ұрлық пен заң)вор в закон деген Еврей бе əлде Орыстарма білмеймің кім екен ойлап тапқан қатегез əділетсіз қылмыс əлем. Қазақ елге қайшы жағымсыз қылмыс əлем керек емес. Бұрынан ертеден ғұн, түріклер заман келе жатқан Дала көшпінді Заң болған Евразия құрлықта

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.