Валюта бағамы USD : 311.59 | EUR : 349.39 | CNY : 45.41

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстан олигархтары Отанын неге «сатып» жүр?

Қазақстан үкіметі сырттан инвесторлар іздеп, шарқ ұрып жатқанда, керісінше ел ішіндегі миллиардерлер ақшасын шетелге ала қашуда. 

Бұл туралы 365info.kz порталының тілшісі хабарлады.

Атап айтқанда, қазақтың темір-терсегін саудалаушы — магнат Александр Машкевич пен активінде 225 миллион доллары бар құрылыс саласындағы бай-манап Александр Белович Грузия экономикасын қаржыландырып, қомақты инвестиция салмақшы екен.

Бұл туралы Грузиядағы Қазақстан елшісі Ермұхамет Ертісбаев жақында Sputnik порталына берген сұқбатында мәлім етті. Бұған Грузия тарапы екі алақанын ысқылап, қатты қуанып отыр екен.

Корпорациялар Парламент рұқсат берсе ғана шетелге инвестиция жасасын

Оразалы Сәбден

Оны қойшы, қазір Қазақстан экономикасы ақшаға өте зәру, мұны біздің олигархтар жақсы біледі. Грузия жасаймын деген жағдайды Қазақстан да жасап отыр. Салық дейсіз бе, инвесторға не қатысты — соның барлығынан Үкімет оларға көп жеңілдік жасап қойған. Бұл Үкіметтің тоңып секіріп, сырттан инвестор іздеп жатқанда қазақстандық байлардың ақшасын шетелге ала қашуы осындағы барлық мүмкіндікке әбден малынып, тойынғанын білдірмей ме?..

Экономика ғылымының докторы,

профессор Оразалы Сәбден Машкевичтің бұл қылғанын сатқындық деп санайды.

— Әрине, Машкевич өз ақшасын қайда жұмсаймын десе, өзі біледі. Оның қолын байлап, аяғын тұсаулап ұстап отыра алмаймыз ғой. Дегенмен қазір Қазақстан экономикасы инвестицияға зәру екені ақиқат. Мәселен, жерді игеру заңы қаралып жатыр. Елбасының 2025 жылға дейін экономика дамуын жеделдетуге арналған бағдарламасында технологиялық модернизацияға басымдық беріліп отыр. Ақшасы тасып бара жатса, салсын осында, — дейді ғалым.

Сондай-ақ экономика ғылымының докторы, профессор қазақстандық олигархтарды ел экономикасын қаржыландыруға мәжбүрлеудің бір жолын ұсынады.

— Ол байлық оларға қалай келді? Қазақстан Үкіметі болмаса, бізде осындай олигархтар пайда болар ма еді? Сондықтан қайтарым, қайырым деген болуы керек қой.

Шетелге инвестиция салғысы келетін корпорациялар Парламент рұқсат берсе ғана шетелге инвестиция жасай алатын бір тәсілді қарастыру керек

деп ойлаймын.

Таза қазақтан олигарх әлі шыққан жоқ. Бұл — біздің басты кемшілігіміз

Азат Қонысбек

Ал кәсіпкер, инженер Азат Қонысбек Машкевич секілді қазақтың байлығына ортақтасқаннан басқа елімізге пайда әкелмейтіндерден тезірек құтылғанымыз жөн деп санайды.

— Форбс тізіміндегілер кім? Басым бөлігі ойдан-қырдан жиналған қазаққа жат адамдар. Майшелпекті оларға өз қолымызбен ұстаттық. Әрине, олар енді ол ақшаны қалай жұмсаймын десе өзі біледі. Бұл — заңды құбылыс, оған қарсы тұрайық дегеннің өзі ақылға қонымсыз.

Бұл арада ақиқат нәрсе — қазаққа қазақтан басқа ешкімнің жаны ашымайды. Өкінішке қарай, Қазақстанның ірі олигархтары ішінде қазақ жоқтың қасы.

Қолына алған істі табысты дөңгелетіп отырған Бауыржан Оспанов секілділер қазақпен тапқанын бөліседі. Ауылға мешіт салдыртады, жұмыс орнын ашады, ауыл жасын өз ақшасына оқытады және тағысын тағы. Бірақ олар шағын кәсіпкерлер. Ондайлар, Құдайға шүкір бізде баршылық.

Ал егер қазақта олигархтар болса ше? Ондайда қазақ ауылы әлдеқашан гүлденіп кетер еді ғой

, — дейді ол.

„Болар іс болды, бояуы сіңді„ деген Азат Қонысбек ұлтымызға жат, қолдан жасалған олигархтардың бетін қайтармай, кетемін десе шетелге аттандыра беру керек екенін айтады.

— Бізде ұлты қазақ болғанмен тілі, ділі, дүниетанымы солтүстік көрші мемлекетке көбірек кетіп қалған олигархтар да бар. Олардан да көп қайыр күте алмаймыз. Демек, ұлттық буржуазия бізде қалыптаспады. Оның қалыптаспауына мүдделі болғандар да бар шығар, ол жағын білмеймін. Дегенмен бұл мүлде дұрыс емес нәрсе. Мысалы, Жапония несімен мықты? Ол ұлттық дәстүрін, болмысын, салт-санасын сақтаған ұлттық мемлекет. Олар латын қарпіне көшкен жоқ. Жаппай ағылшын тілін меңгеруге бет бұрған жоқ, ондай саясат болмады. Қытай да, Корея да латын қарпін қабылдамады. Көбіне дүниені алға жылжытып жатқандар ағылшындар деп айтады. Оны қайдан шығарып жүр? Шындығында, бүкіл өнертабысты тудырып жатқандар — неміс пен жапондар. Олар тілмен бірге барлық құпия жария болатынын жақсы біледі. Сондықтан тілін ешқашан жатқа берген емес.

Шетелдік инвестор қазақты ешқашан жарылқамайды

Қалай дегенмен де

сырттан келетін инвесторлар да, үш қайнаса қазаққа сорпасы қосылмайтын ел ішіндегі байлар да қазақты жарылқайды деп ойлау жаңсақтық.

Сырттан келетіндер 100 теңге әкелсе, одан 120 теңге пайда тауып кетуді мақсат етеді. Сол мақсатқа ғана олар жұмыс істейді. Іштегілердің де жайы белгілі. Олар ауыл түгілі, қаланың өзіне ақша салғысы жоқ.

Бізге ауылға ақша салатын байлар керек. Ауылды көркейтуге ден қойған олигархтар ғана қазақ халқының шексіз ықыласына бөлене алады.

Алайда таза қазақтан олигархты қайдан табамыз? Алдыңғы түрі бөлектер де аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ қой. Оларды да қазақ үкіметі қолдан жасады емес пе?.. Мүмкін осы жолы таза қазаққа тапсырыс беріп көрсек, қалай болар екен?.. Бұл да бір ой емес пе?..





6 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Мөде қаған 18 Ақпан, 2017, 03:00

    Дұрыс айтасын аға бізге Қазақтан басқа ешкім жан ашымайды бəрі өтірік егер бірдеме болса кризис экономикалық қиындық ақшалар басқа елге салады соғыс болатын болса елден қашып кетеді бірінші очередь орысшамен айтқанда сондықдан бұларға сенуге болмайды қатал заң мен талап қойып елге ақша салу керек. экономика біздің елімізде Қазақ халықтын арқасынан байып семіріп отыр олар елден кетедің болса салық %пайыз көбейтіп керек болса ақшаны 80%пайызды елге қалдыру керек. :zhlau:

    Жауап жазу
  2. Ұмай ана 18 Ақпан, 2017, 13:05

    Шет елдегі байлар емес , біздегі байлықпен байвғагдар неге байлығын Қазақстанның өркендеуіне салмасқа осы сабақ емеспе..? 26 бапты өзгерткенде осы байлар қатарын əркімдер толтырады осы қарапайымды…түсінбейді дегенді сенбеймін..! Халықтың ол заңды өзгертуіге қарсы болғаны дұрыс бөлшектеп таратып бітті ғой жерді бəрін көріп біліп отыр болашаққа не қалдырасыңдар…?!

    Жауап жазу
  3. Сағат 18 Ақпан, 2017, 20:04

    Бұл əрине өте орынды көтеріліп отырған əңгіме.
    Бырақ біздің елдің «басшылары» инвистицияны ел экономикасына емес, өз қалтасын байытуға іздеп жүрген сияқты. Əйтпесе аттары əйгілі журналдан аттары түспей жүрген қыз -күйеулердің өздері бір елді асырауға жағдайы жететіні елге мəлім емеспе? Өйткені шет елдік инвестордан өз ауызы емес, қамбасы толғанша соруға болады, бырақ ол еш жерде көрінбейді, тіркелмейді бірден керект,і сенімді жеріне барып құйылады. Ал елдегі инвесторлардың ондай «телпек » кигізуге құлқы жоқ. Қазақстанға ашкөзденіп отырған шетелдіктерге біздің биліктің нəпсісін тойғызу итке ас құйғанмен бірдей.
    Мен əрине экономист емеспін, бырақ ел ішіндегі жағдайды көріп отырып осындай ойға қаламын.
    Депутатпыз -деп, ел билігінде жүрген азаматтар депутаттықты мұраға қалдырардай ойлары бар сияқты. Жылы орындарын тек үрім бұтағына беріп, оларда осындай жайлы ғұмыр кешетініне сенімді болғандықтан 26 бапқа қарсы шыққан адам табылмай тұр.
    Тек зар қағып отырған баяғы сол қара халық. Біз басқа ұлттың алигархтарын сөз қылмастан бұрын өз ішімізден шыққан » сатқындардың» жағдайын ойластыруымыз керек шығар мүмкін. Сіз қалай ойлайсыз?

    Жауап жазу
  4. Арыстан 19 Ақпан, 2017, 13:49

    Осы барлық олигарх дегендерді құрту керек. 25 жылда Қазақ елінің талай байлығын, шетелге асырып кетті, әліде жалғасуда. Мемлекет барлығын өзіне қайтарып, халыққа жұмыс беріп, өмірді жақсарту міндетті.

    Жауап жазу
  5. Мен го 21 Ақпан, 2017, 16:04

    :oilanu:

    Жауап жазу
  6. Аноним 2 Наурыз, 2017, 10:06

    Машкеевич т.б оларда ни родины ни флага!!! Акшасын Казакстаннын экономикасына салсын.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*