Валюта бағамы USD : 311.59 | EUR : 349.39 | CNY : 45.41

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

БАҚ: Орысша ғана сөйлейді. Әсет Исекешев Мәскеудің мэрі ме?

Кеше Астана әкімі Әсет Исекешев Елорда тұрғындарының алдында есеп берді. Әкім кездесуде бас қалада өткен жылы атқарылған және болашақта жасалатын шаруалар туралы айтты.

Әрине, әкімнің баяндамасынан Астанада қыруар шаруа атқарылып жатқан тәрізді. Алайда тұрғындардың сұрақтары баяндамада айтылған кереметтерге кереғар келіп жатты. Соңғы кездері қала әкімінің facebookтегі парақшасы мен мен WhatsApp-тағы нөмірі халықтың талап-тілегін тыңдап жүр. Десек те, үлескерлер әлеуметтік желіге бірнеше рет хат жазғанымен, әкім тарапынан жауап болмағанын айтып шағымданды.

Ал қаланың қарт тұрғыны Әсет Өрентайұлын қоғам және мемлекет қайраткері Еркін Әуелбековтен үлгі алуға шақырды. Қарияның айтуынша, Әуелбеков резіңке етігін киіп алып, тұрғындармен жақын қарым-қатынас жасайтын. Ал Әсет Исекешев болса, жылы кабинетінен ұзап шықпайтын әкім болып отыр.

Астанаға сырттан келгіштер неге үй алғыш?

Қала тұрғындары бірнеше жыл бұрын пәтер кезегіне тұрғанымен, өз кезектерін таппай қалғанын айтты. Бұл сұраққа Әсет Өрентайұлы мардымды жауап бере алмады. Тельман кентінің тұрғыны 2000 жылы пәтер алу үшін арнайы кезекке тұрған көрінеді. Бір қызығы оның пәтерде тұрған кезегі «жоғалып» кеткен.

Өзімнің кезегім жоғалып кеткеннен кейін 3 баламды пәтер алу кезегіне қойдым. Балаларымның біреуі 2 топтағы мүгедек, екіншісі қалалық қалалық су арнасында 10 жыл жұмыс істегеннен кейін ыстық пен салқын судың салдарынан ауру болып қалды. Ал үшінші балам әскери қызметте еңбек етіп жатыр. Бір қызығы, сырттан қосылған азаматтар пәтерді тез алып, ал біз сияқты қарапайым жандар далада қалып отыр, – деді ашынған азамат.

Әсет Өрентайұлының айтуынша, қаланың пәтер кезегінде 40 мыңнан астам адам тұр. Десек те, ол тұрғын үй мәселесін шешу үшін барлық бағдарлама іске асырылып жатқанын айтып ақталды. Ал кезектің не үшін жоғалып кетіп жатқаны туралы әкім ләм-мим демеді.

Шыны керек, сырты жарқыраған Астананың ішінде күрмеуі қиын мәселелер шаш-етектен. Оның бәрін Әсет Өрентайұлы бір сәтте шеше алмауы мүмкін. Өйткені, елордаға еліміздің әр аймағынан күн сайын жүздеген адам келіп жатыр. Оның үстіне оның бас қаланың басшысы болғанына небәрі 8-ақ ай болды. Бірақ біздің көңілімізге ең үлкен кірбің ұялатқан нәрсе – әкімнің өз баяндамасын бастан-аяқ орыс тілінде өткізгені болды.

Сөзінің алғашқы 5 минутын ғана қазақ тілінде бастаған әкім, одан кейін 1 сағат бойы орыс тілінде есеп берді.

Соған қарағанда, Әсет Исекешев өзін Астана қаласының әкімі емес, Мәскеу мэрі деп ойлап қалса керек.

Асланбек Серғали,

Дереккөз: 365info.kz





7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Серік 18 Ақпан, 2017, 10:28

    Қазақша білмейтіні ұят екен! Бірақ осындай əкім, министрлер көп ғой біздің елде!

    Жауап жазу
  2. Амантай 18 Ақпан, 2017, 11:05

    Дамыған елу елдің қатарына ендік деп жүрген өркениетті Қазақстанның Астанасы осындай биік деңгейге лайық па? Әрине Астананың көз тартар, заманауи кесін-келбеті, өзіне тән айшықты,сымбатты алып құрлыстыры, көшелері, шағын аудандары көп.Әсіре солжағалаудың сәні-де салтанаты да ерекше.Бір көрген көзге бәрі керемет сияқты. Ал шындығында Астананы басқа елдердің астанасымен салыстыруға келмейді. Қаланың шеткі бөліктері, кеңес дәуіріндегі жөндеу көрмеген ескі құрыстар, ауылдық деңгейдегі ығы,жығы, көне, қалай-болса солай салынған тұрғын үйлер еліміздің шет жерлерінде елеусіз қалған аудан, қалаларды еріксіз еске түсіреді. Жеке меншік үйлер қыс маусымында түгелдей көмірмен жылытылады. Аязды күндерді Астананың аспанын көк мұрап басып, қара түтін торлайды, қою тұманға оранады. Жеке тұрғын үйлерде су, кәріс жүйесі атымен жоқ. Соның салдарынан қаланың бұл өңірлерінде қолқаны жапратын күлімсі иіс жыл бойы аңқып тұрады. Адамдар суды тасып ішеді. Құдды бір ауылдағыдай тірлік. Сол баяғы солжағалауда жол жақсы. Қаланың шет жағындағы жол қырық тесік, кедір-бұдыр, көктемде қар еріген кезде, жазда жаңбырлы маусымда толарсағымен су, батпақ, лай кешкен тұрғындар.Ретке келтірілмеген көшелер, жолдар, құрлыстар жетеді. Реттілік, тазалық жоқ. Қысқасы Астанада шешім-күткен әлеуметтік мәселе шаш-етектен. Ертең ЭКСПО-ға келген қонақтар осы жайларға куә болмай ма? Қысқасы мақтануға әлі ертерек.Осы мәселелер таяу жылдарда шешілуі керек. Өйткені Астана Қазақстанның айнасы. Бұл мәселелерді шешу түкте қиын емес, Ең әуелі газ келтіру керек. Жол, су, кәріс жүйесін тарту керек. Млрд. миллиндарды жеп жатқан жемеңқор шенеуіктерді түрмеге отырғызғанша жегенін желкесінен шығарып ұрлаған ақшаны қайтарту керек те осы ақшаны халықтың тұрмыстық жағдайына қатысты аса маңызды жоғарыдағы мәселелрді шешуге жұмсау қажет, бюжеттен осы мақсатқа бөлінген көлемді соманы да талан-таражыға салмай түгелдей ел игілігіне жұмсау керек. Ол үшін қалаға шаруашылықты бес саусағындай білетін, қатаң, тегеуірінді, таза әкім керек. Жаңа әкім келгелі көп болған жоқ.Астана тірлігіне қатысты кезек күттірмейтін осы мәселелерді шешуде нақты нәтижеге жетер деп үміттенеміз

    Жауап жазу
  3. Adish 18 Ақпан, 2017, 13:36

    Eli ushin tugan er kaida

    Жауап жазу
  4. Руза 18 Ақпан, 2017, 18:26

    Байғұс!

    Жауап жазу
  5. Қазақ 18 Ақпан, 2017, 20:31

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ОЛ ИДЕОЛОГИЯ ОСЫ ТІЛ АРҚЫЛЫ ОТАНДЫ СЕЗІНЕДІ,БОЛМАСА БӘРІ БЕКЕР.

    Жауап жазу
  6. alau 18 Ақпан, 2017, 21:17

    Қазақша сөйлемейтін әкім,министрлер жұмыстан кетуін жаппай талап ету керек!

    Жауап жазу
  7. Қолқоюсыз 20 Ақпан, 2017, 10:18

    :zhlau:

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*