Валюта бағамы USD: 312.76 | EUR: 331.08 | CNY: 45.53

«Ақ жол» – 26-шы БАПТЫҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ЕКЕНДІГІ АТА ЗАҢДА ЖАЗЫЛУЫ ТИІС

«Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын жолдады

 

«Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын Президент Әкімшілігі жанындағы комиссияға жолдады.

Ұсынылған түзетулер партия Президиумы мүшелерінің, оның парламенттік фракциясы мен облыстық филиалдары отырысының барысында талқыланды.

Партия төрағасы Азат Перуашев жобаны таныстыра отырып, Мемлекет Басшысының Конституцияны жетілдіру мен билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу бойынша бастамасын демократиялық партияның қолдайтындығын атап өтті. Бұл бастау мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есеп берушілігіне қатысты саяси жүйенің ары қарайғы жаңғыртылуын білдіреді.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП Елбасының жобаны бүкілхалықтық талқылау үшін ұсынған уақытын пайдалана отырып, аймақтар мен орталық органдардағы партия активтерімен кездесуінде өзінің бастамалар пакетін жасап шығарды.

Қызу пікірталас нәтижесінде екі даулы ұстаным қабылданбады және бір қосымша енгізілді. Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша комиссия талқылауына жіберілетін  қорытынды пакетте «Ақ жол» партиясының 18 нақты ұсынысы беріліп отыр.

Солардың кейбірі:

  • Мемлекеттік тілдің мәртебесін анықтайтын Конституцияның 7-бабына «Ақ жол» партиясы «Әркім мемлекеттік тілдік саясатты, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарын құрметтеуге міндетті» деген тармағын енгізуді ұсынады.
  • Ақпарат еркіндігіне кепілдік беретін 20-баптың екінші тармақшасына партияның ОК хатшысы Арман Сқабылұлы «Бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистердің қызметі заңмен қорғалады» сөздерін енгізуді ұсынды.
  • Қоғамда терең талқыға түскен 26-бапта инвестиция пайдасына өзгерістер енгізуді қолдай отырып, алайда Президенттің жер туралы Кодексіне заңнамалық өзгерістерді енгізуге мораторий жарияланғанына байланысты 3-ші тармақшасына келесіні енгізу ұсынылып отыр: «Осы бап жер қатынастарына қатысты қолданылмайды. Жерге қатысты жеке меншік мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармақшасымен реттеледі».
  • Сондай-ақ, Азат Перуашев 33 бапты (азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жетімділігіне қатысты) 1-2 тармақшасымен толықтыруды ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттікке төнетін қауіп. Әркім барлық заң жүзінде рұқсат етілген тәсілмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті».
  • 44 баптың 3 тармақшасына (Президент өкілеттігі) Мемлекет Басшысының осы жылдың 25 қаңтарында жасаған билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу туралы Жолдауында: «Парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия Үкіметтің қалыптасуында шешуші түрде әсер етеді» делінгендіктен, «Ақ жол» партиясы Президент Мәжілістің талқылауына Республиканың Премьер-Министріне «парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партияның ұсынысы бойынша» кандидатурасын енгізеді делінген норманы ұсынды.
  • Осы баптағы, сондай-ақ 65-баптың 2-тармақшасында Премьер-Министр Парламент Мәжілісімен консультациялардан соң үкіметтің құрылымы мен құрамына өзгерістер енгізуге қатысты «консультациялар» сөзін «келісім» сөзімен алмастырып және Мәжіліс пен «саяси партиялар фракциясымен» деген толықтырулар ұсынылды.
  • Сонымен қатар, 45-баптың 2-тармақшасы (Президенттің заңдық күшке ие жарлықтарын шығару құқығы туралы) алып тастау ұсынылып, оның орнына ШОБ тексерісіне кейбір мораторийларды ескере отырып, Конституцияға келесі норманы енгізуді ұсынды: «Мемлекеттің ұлттық мүддесіне, экономикасына немесе қоғамына қауіп төнген жағдайда, Республика Президенті мораторий енгізеді және мұндай қауіп төндіретін заңдардың немесе заңнамалық нормалардың қоданысын тоқтатады. Мораторий ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және бір ай мерзім ішінде Парламенттің мақұлдануына жіберіледі».
  • 57-баптың 1-тармақшасы мен 67-бапта отандық демократтар жаңадан тағайындалған үкіметке «тағайындалғаннан кейін бір ай аралығында Парламент Мәжілісіне Республиканың орташа мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі бағдарламаны ұсыну» міндетін жүктеп отыр.
  • 57-баптың 5-тармақшасына (Парламент өкілеттігі) Мәжілістің парламенттік тергеуді тағайындау және өткізу құқығын қосу ұсынылып отыр;
  • Парламенттің жұмыс органдарын реттейтін 60-бапты «ақжолдықтар» саяси партиялардың парламенттік фракцияларының тең құқықтығы және олардың мәртебесі мен өкілеттігінің заңмен реттелуін ұйғаратын тармақшалармен толықтыру қажет деп санайды.
  • Алма Нұрғожаеваның бастамасымен («Ақ жол» партиясының Алматы филиалы) 86-баптың 2-тармақшасына бір мандатты округтер мен партиялық тізімдерді қоса алғанда аралас жүйе бойынша облыс мәслихатының, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың депутаттарын сайлау ұсынылып отыр.
  • Мемлекеттік құрылыстың негіздерін бекітетін 91-бапты, Азат Перуашев келесі тармақшамен толықтыру қажет деп санайды: «Тәуелсіздіктен, Республиканың біртұтастығынан немесе аумақтық тұтастығынан бас тартуға жария түрде шақыру заңмен қудаланады».

«Ақ жол» партиясының ұсыныстарының салыстырмалы кестесінің толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

15 ақпан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

qazaquni.kz



35 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin 15 Ақпан, 2017, 14:49

    «Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға байланысты өз ұсыныстарын жолдады
    Қоғамда терең талқыға түскен 26-бапта инвестиция пайдасына өзгерістер енгізуді қолдай отырып, алайда Президенттің жер туралы Кодексіне заңнамалық өзгерістерді енгізуге мораторий жарияланғанына байланысты 3-ші тармақшасына келесіні енгізу ұсынылып отыр: «Осы бап жер қатынастарына қатысты қолданылмайды. Жерге қатысты жеке меншік мәселелері Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы 3-тармақшасымен реттеледі».
    http://www.qazaquni.kz/2017/02/15/64769.html

    Жауап жазу
  2. Қазыбек Иса 15 Ақпан, 2017, 16:08

    Жалпы, жақсы ұсыныстар жасалған. Мен мемлекеттік тілдің мәртебесін анықтайтын Конституцияның 7-бабынан 2- тармағын алып тастауды ұсынамын.. Себебі бұл Тілдер туралы алғашқы заң қабылдаған 1989 жылы енгізілген «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады»-деген тармақты қабылдау кезінде халықтың пайыздық салмағы қатарлас еді, яғни қазақтар 39,7 пайыз, орыстар 37,8 пайыз болатын және Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан әлі шықпаған еді. Ал қазір Тәуелсіздікке ширек ғасыр толғанда, қазақтардың саны 70 пайыздан асып кеткендіктен бұл орыс тілі туралы талап өз күшін жояды.
    Бұл өзгеріс Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан асқанда, Азаттық үшін күрескен Алаш қозғалысына 100 жыл толып отырған кезеңде, Елбасымыз демократиялық жаңаруды бастағанда демократиялық партия «Ақ жол» үшін абырой болар еді.

    Бұндай заман талабын билікке қатысы бар дейтін белгілі БАҚ-тар да қолдауға көшуде. Оның үстіне 2012 жылы ақжолдықтар жасаған Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын Үкіметіміз өткізбей тастады. Бұл туралы кезінде баспасөзде сын мақала жазылды да. Ал мемлекеттік тілді қолдау туралы қоғамда резонанс тудырған әйгілі 138-дің хатына Азат Перуашевтан бастап, “Ақ жолдың” Орталық Кеңесінің 23 мүшесі қол қойып, осы Үндеуді қолдаған Мәлімдеме жасаған жалғыз партиямыз. Біздің партияның саяси бағдарламасында Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тіл мен Қазақстан Конституциясы және ел тарихынан сынақ тапсыру ұсынылған.

    Жауап жазу
  3. Ауылдық 15 Ақпан, 2017, 16:19

    26 – шы баптағы «Әркім» – деген сөздің орнына «ҚР азаматтары » -деген бұрынғы заңды қалпына келтірмей ешнәрсе шешілмейді. Өйткені 26-шы баптағы «Әркім» мен «мүлік» – сөздері жалпы мағынаны қамтыған. 1-ші, «Әркім» = Кім екендігі белгісіз біреу, яғни, Қазақстандық еместер де мүлік алуға заң жүзінде құқылы деген сөз.
    2-ші, «мүлік» тек қана жер ғана емес, кен орындары да мүлік болып есептеледі. Сондықтан тек қана 1995 жылы 30 – тамызда референдум арқылы қабылданған заңды өзгеріссіз қалдыру керек.

    Жауап жазу
  4. Сақина 15 Ақпан, 2017, 18:18

    Әркім сөзінің еш жаман мағынасы жоқ, есімдіктің бір түрі, жерге тіптен қатысы жоқ! Мамандар жан жақтан түсінік беріп жатыр, халық болса байбалам салуға құмар ей

    Жауап жазу
    • Нұрлан 15 Ақпан, 2017, 23:38

      Сақина,олай айтпа, Халық байбалам салуға құмар емес. Халық Қазақ Жерін ойлап жатыр, ертең «Қазақтар жерде жұмыс істей алмайды» деген аспаннан түскен байлар Қазақ Жерінің бәрін талан-таражға салса не болады деп жатыр. Қазақ Жастарын жерде жұмыс істеуге үйрету керек, Ақшасын-Айлық табыстарын қадағалап -жақсылап беріп отырса-Қазақ Жастары жалқау емес-Қазақ Жастары бәрін – ж ы р т а д ы.

      Жауап жазу
  5. Алпамыс 15 Ақпан, 2017, 18:23

    Ол әлі бекімеген нұсқасы, халық көрсін келісе ме деп арнайы талқылауға берді, олай болса әліптің артын бағайық

    Жауап жазу
    • Ескен 16 Ақпан, 2017, 10:23

      Алпамыс дұрыс айтасыз. Байбалам салудың қажеттілігі шамалы. Талқылансын, ұсыныстар жиналсын. Ақырын күтейңк.

      Жауап жазу
  6. Қазақ 15 Ақпан, 2017, 22:52

    Әркім деген 26 баптағы алынсын.

    Жауап жазу
  7. Сая 16 Ақпан, 2017, 04:13

    «Ақ жолдың» ұсыныстарын қолдаймын, нақты жазылған.

    Жауап жазу
  8. Саят 16 Ақпан, 2017, 04:14

    жалпы жақсы ұсыныстар. Тек билік қолдаса болды.

    Жауап жазу
  9. Б.Шаяхметұлы 16 Ақпан, 2017, 04:15

    Орыс тілін «…Мемл.тілмен бірдей қолданылады» – дегенін алып тастауды ұсынамын!

    Жауап жазу
  10. Меруерт 16 Ақпан, 2017, 04:17

    иә, партия мемлекеттік тіл туралы бапты нақтылау керек әлі де. зиялылар, ұлтшылдар қайда партиядағы?

    Жауап жазу
    • Сайлау 16 Ақпан, 2017, 10:36

      Партия жақсы ұсыныстар беріп отыр. Барлығы сараланар.

      Жауап жазу
  11. Махамбет 16 Ақпан, 2017, 04:19

    Меруерт, Қазыбек Исаның мемлекеттік тіл туралы нақты ұсынысы комментте жазылған ғой, оқымадыңыз ба?

    Жауап жазу
  12. Гаухар Калаубаева 16 Ақпан, 2017, 13:13

    Амин !Айтқандарыы келсін !

    Жауап жазу
  13. Saule Meshitbaeva 16 Ақпан, 2017, 13:26

    Ақжолдықтарға, Алла разы болсын. .!

    Жауап жазу
  14. Beybut Qaratai 16 Ақпан, 2017, 13:29

    Бұл түрінде еңгізілсе жерге талас болмайды. Ал мүлік ала берсін. Мысалы : үй жай, машина деген сияқты. Кейбір мемлекеттерде мүліктің отыз пайызына дейін шетелліктер ие болұға құқылы. Соның қайсысы егемендіктен айырылды? Мысалы Англия, БАƏ, Сингапур . Біздің талай байларымыз алып жатқан жоқпа шетелден? Бізде жерден басқа байлығымыз жоқ. Сол дерге жармаспаса болды. Сізше сод 26 бапты сізьег біз ацтты екен деп алып тастайды деп сенесізбе? Болмағанда Ақжолдың варианты қабылданса

    Жауап жазу
  15. Kenzhe Sultan 16 Ақпан, 2017, 13:32

    Инвестиция тарту үшін адам құқықтары бұзылмауы керек, жемқорлықты алдымен азайту жөн. Өз халқын силамайтын елге кім ақша салады, қорқады ертең революция болып кетеді деп. Шыдамдылықтың да шеті бар емеспе. Зандарымызда бар шетелдіктердің құқықтарын, жеке мүлiктерің қорғайтын, ата заңымызға кіргізіп керек емес. Конституцианын 6 бабы заңдарға сілтеме жасайды. Ал заң жүзінде шетелдіктердің пайызы 50 толмаса ала алады жеке меншікке жерді. Заңдарды өзгертуге болады ал ата заңымыз өз халқымыз үшін жазылу керек. Ойыншық емес оны қайта қайта ауыстыра беретін. Сондықтан терең зерттеп талқылап барып шешім қабылдауымыз жөн. Бір ай аз.

    Жауап жазу
  16. Koke Bazzar 16 Ақпан, 2017, 13:34

    ·
    «Ақ жол» қытай жолға қарсы шығуы керек .Жолдың түсі өзгермеу керек.

    Жауап жазу
  17. Мәлікаждар 16 Ақпан, 2017, 13:37

    Нақты ұсыныстар! «Ақ жолды » қолдайық!

    Жауап жазу
  18. Бағдат 17 Ақпан, 2017, 02:06

    Егер Ата заңда анық әрі нақты етіп йжердің сатылмайтынын» жазып қойса, шу да, дау да басылар еді. Сондықтан Азат мырзаның айтқаны дұрыс. Инвестиция тарту керек, бірақ ол тегін емес екенін де ескерсек деген ниет бар. Осы мен түсінбеймін, инвестицияны неге шетелден тартамыз? Өзімізде де ауқатты адамдар бар еимес пе, соларға кепілге бір затты немесе органды қойып неге ақша алмаймыз?

    Жауап жазу
  19. Сансызбай 17 Ақпан, 2017, 02:12

    Инвестициясыз экономиканы көтеру мүмкін емес, сондықтанда қолдаймын. бұл жобаны билік қолдап, жерге қатысы жоқ деп тармақ қосса. Халлықа ашық түрде түсіндірсе дұрыс болар еді. Жеке меншік құқығы мен жер құқығының ара-жігін айыры білу керек.

    Жауап жазу
  20. Қолқоюсыз 17 Ақпан, 2017, 02:16

    Бұл ұсынылып отырған ұсыныстар орынды, себебі біз Елбасымыз айтқандай инвестиция пайдасына өзгерістер енгізуіміз керек

    Жауап жазу
  21. Өмір 17 Ақпан, 2017, 02:17

    Ақ жолдың ұсыныстарына толығымен қосыламын. Парламенттегі келелі ұсыныстар беретін жалғыз партия. Алға, Ақ жол Қазақстан!

    Жауап жазу
  22. Бекжан 17 Ақпан, 2017, 02:19

    АКЖОЛ партиясынын усыныстарын қолдаймын. Ойткені ол партия тек халыктың жане кәсіпкерлердің мүдделерін коргап шырылдап жургенін коріп журміз гой.

    Жауап жазу
  23. Бақыт Смағұл 17 Ақпан, 2017, 02:21

    26 бапқа қосымша тармақша ретінде ұсынған: «Осы бапта көрсетілген меншікті қорғайтын ереженің – жер мәселесіне қатысы жоқ» деген ұсыныс өтпей жатса, мүмкін 6 баптың 3 тармағы: «Жер және оның қойнауы, сөз көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» былайша жаңа мәтінде: «Жер және оның қойнауы, сөз көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде Қазақстан Республикасы азаматтарында жеке меншікте де болуы мүмкін»

    Жауап жазу
  24. Бекайдар 17 Ақпан, 2017, 02:23

    Мемлекеттік құрылыстың негіздерін бекітетін 91-бапты, Азат Перуашев келесі тармақшамен толықтыру қажет деп санайды: «Тәуелсіздіктен, Республиканың біртұтастығынан немесе аумақтық тұтастығынан бас тартуға жария түрде шақыру заңмен қудаланады». Өте дұрыс! Ең бастысы біртұтастықтың бұзылмауы!

    Жауап жазу
  25. Салтанат 17 Ақпан, 2017, 02:25

    «57-баптың 5-тармақшасына (Парламент өкілеттігі) Мәжілістің парламенттік тергеуді тағайындау және өткізу құқығын қосу ұсынылып отыр;» Бұл өте керек!

    Жауап жазу
  26. Журналист 17 Ақпан, 2017, 02:28

    «Ақпарат еркіндігіне кепілдік беретін 20-баптың екінші тармақшасына партияның ОК хатшысы Арман Сқабылұлы «Бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистердің қызметі заңмен қорғалады» сөздерін енгізуді ұсынды.» Иә журналистерді қорғау маңызды болып тұр қазіргідей қиын заманда.

    Жауап жазу
  27. Сейіт 17 Ақпан, 2017, 02:30

    Салтанат дұрыс айтасың, парламентте тергеу болмаса, бақылауы әлсіз болады.

    Жауап жазу
  28. Батыр 17 Ақпан, 2017, 02:32

    «Ақ жол» парламентте халық үшін жұмыс істеп отырған жалғыз партия. Қолдайық бәріміз.

    Жауап жазу
  29. Әзімбай 17 Ақпан, 2017, 02:52

    «Ақ жолдықтар» сауатты, нақты жұмыс жасайтын істің партиясы.

    Жауап жазу
  30. Дос 17 Ақпан, 2017, 02:55

    «Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттікке төнетін қауіп. Әркім барлық заң жүзінде рұқсат етілген тәсілмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті». Ең қауіпті дерт жемқорлыққа қарсы бапты күшейту дұрыс болған екен. Қолдаймыз!

    Жауап жазу
  31. Таң қалмас 24 Ақпан, 2017, 03:21

    Бізде не «НҰРОТАННАН» басқа партия барма не?

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.