Валюта бағамы USD : 326.97 | EUR : 381.05 | CNY : 48.44

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Елбасы зиялы қауым өкілдеріне Ақорданың төрінде дастархан жайды (фото)

Елбасы Ақордада жұртшылық және зиялы қауым өкілдерімен, саяси қайраткерлермен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақ Үні.

Елбасы ұлт зиялыларына Ақорданың төрінде дастархан жайды (фото)

Кездесуге М.Жолдасбеков, К.Сағадиев, Р.Шырдабаев, О.Әбдікәрімов, Б.Ізмұхамбетов, М.Қасымбеков қатысты.

Басқосу барысында конституциялық реформаларды талқылаумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім, шағын және орта бизнес салаларын жаңғыртумен, жүргізіліп жатқан жекешелендірумен байланысты халық үшін маңызды экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық ауқымды мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан күрделі жол жүріп өткенін атап өтіп, республикамыздың одан әрі дамуының негізгі бағыттарына қатысты өз ойын ортаға салды.

«Қазақстан танымал елге айналды, экономикамыз қарқынды дамып келеді. Енді «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қол жеткен жетістіктерімізді пайдалана білу қажет», – деді Қазақстан президенті.

Елбасы ұлт зиялыларына Ақорданың төрінде дастархан жайды (фото)Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге назар аударды.

«Нарықтық қатынастар жолын таңдаған қоғамымыздың алдында орындалу тиімділігі елдің одан әрі дамуына ықпал ететін түбегейлі жаңа міндеттер тұр. Жаһандық экономика дәуірінде инновация күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Индустриялық төңкеріс бізді айналып өтпеуге тиіс. Біз экономикамызға инновациялық технологияларды енгізе білуіміз қажет», – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан президенті бұл мақсаттың жүзеге асырылуы тиісті қаржы жұмсауды қажет ететінін атап өтті.

«Егер инновациялық технологиялар әзірлеуге қаражат бөлмесек, онда бізге әлемдік жаңа экономикалық құрылымның ауқымынан тыс қалу қаупі төнуі мүмкін. Жаппай өндірісті дамыту үшін жаңашылдықтар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырған жөн. Бұған кәсіпорындардың, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарының жанынан ғылыми-зерттеу институттары құрылып, оларға тиісті қолдау жасалғанда ғана қол жеткізу мүмкін болады. Мәселен, мұндай ғылыми-зерттеу институттарын «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің, Назарбаев Университетінің жанынан құруға мүмкіндік бар», – деді елбасы.

Кездесуге қатысушылар мемлекет басшысы бастамашы болған, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған реформаларды толық қолдайтындарын білдірді. Бұл ретте ең алдымен парламенттің және үкіметтің өкілеттігін кеңейтуге, оның дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қадамдардың дер кезінде жасалғаны, прогрессивтілігі атап өтілді.

Бұған қоса, кездесуге қатысушылар республикалық және жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға, салалық бағдарламалардың орындалуына, жер реформасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы орнықтырып, «мүлдем төзбеушілік» саясатын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді кезең-кезеңмен орындауға қатысты түйткілді мәселелерге тоқталды.





16 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Гулим 15 Ақпан, 2017, 12:20

    Талқыланған мәселелер өте орынды, әрі білікті жандармен ел мәселесін талқылаған да жөн, не дегенмен бұл кісілерден біздің үйренеріміз көп

    Жауап жазу
    • Қанағат 15 Ақпан, 2017, 15:47

      Гүлім сіздің пікіріңізге толықтай қосыламын. Жалпы мұндай кездесулердің орны ерекше.

      Жауап жазу
  2. Майра 15 Ақпан, 2017, 12:42

    Ауыл шаруашылығ көтеру керек оған мен де қос қолдап келісем, еліміздің етін, майын, құртын экспорттаса экономикаға улкен улес

    Жауап жазу
  3. Сания 15 Ақпан, 2017, 15:32

    Интеллигенция поддерживает реформу, это о многом говорит, ведь их мнение очень важно, они имеют большое влияние на общество.

    Жауап жазу
    • Марат 15 Ақпан, 2017, 15:49

      Бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек болған секілді. Интернеттен видеосын көріп қалдым.

      Жауап жазу
  4. Нұрлан 15 Ақпан, 2017, 15:48

    Елбасыға бұл қонақтар Қазақ Халқының мұң-мұқтаждарын айтты мекен, әлде қорқып мәз болып қайтты мекен.

    Жауап жазу
  5. Әбіл Жәкен 15 Ақпан, 2017, 16:04

    О, Қазақстанда енді коммунизм орнайды, жұртшылық «№1 ж-з» деп атайтын бастаған осы топ бас қоса алмай қор болып жүр едік, реті келіпті, иә, енді ауыл шаруашылығы да, өнеркәсіп те, мәдениет те, білім де гүлденіп, өй, ас та төк, сен же, мен же болып, 1992-жылы уәде етілген «2-Кувейт» атанамыз, дүние жүзінің экономистері, «№1ж-з» айтқандай, біздің дамуымыздың кодын іздеп әуре бола береді. «Код» дегенді білетін шығарсыңдар, қате ұғып қалмаңдар. :kulki:

    Жауап жазу
  6. Арайлым 15 Ақпан, 2017, 16:46

    Кушти отырыс болыпты гой! Мырзатай агайымыз отыр, корип куанып калдым!!!

    Жауап жазу
  7. Магжан 15 Ақпан, 2017, 16:53

    Аксакалдар жиналып не айтты екен басынан аягына дейин тындап шыксан гой бир бурышында отырып!

    Жауап жазу
  8. Алима 15 Ақпан, 2017, 16:57

    Столга коспа, иримшик, ет, кымыз шубар кою керек еди! Тек бауырсакты корип турмын!

    Жауап жазу
  9. Алина 15 Ақпан, 2017, 16:58

    Тамаша! Биринши рет корип отырмын слол басында тамак устинде кездесу уйымдастыргандарын!

    Жауап жазу
  10. Марат 15 Ақпан, 2017, 17:00

    Ал енди озимиз отырып шай ишейик! нагыз казактар, нагыз казактын танымал зиялы кауымы!

    Жауап жазу
  11. Клара 15 Ақпан, 2017, 17:04

    бир бурышка тыгылып айткан ангимелеринин барлыгын естисем гой! Арманым сол гана, отырыс керемет тамак устинде! о бауырсак!!!

    Жауап жазу
  12. Ғалымжан 15 Ақпан, 2017, 18:31

    Ақорданың төрінде ақ дастарханның басында әдемі бір шәй ішіпті. Ұзағынан сүйіндірсін.

    Жауап жазу
  13. Айару 15 Ақпан, 2017, 18:33

    Бұл кісілердің біздің билікте алар орны ерекше. Бәрі де елге еңбегі сіңген азаматтар. Олардың пікірлерімен келісеміз.

    Жауап жазу
  14. Нургиса 15 Ақпан, 2017, 18:34

    Қазір көптеген салаларға даму керек. Оларды дамыту үшін бүгінде Елбасы біраз тапсырма берді. Енді жақсы нәтижелер күтеміз.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*