"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Иманғали Тасмағамбетов: Тіл жоқ жерде қазақ жоқ (видео)

Иманғали Тасмағамбетов қоғамдағы қазақ тілі проблемасына қатысты өз ойын айтып, мемлекеттік тілдің болашағы туралы жан толғанысын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. Желідегі ZTB парақшасында Иманғали Тасмағамбетовтың қазақ тілі туралы жан толғанысын жеткізген видеосы пайда болды.

Мемлекеттік жиындардың бірінде Тасмағамбетов жиналған қауымға қазақ тіліні маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, мемлекеттік тілге деген жанашырлық оның өсіп-өркендей түсуіне сеп болмақ.

«Елбасы осы 25 жыл бойы жастармен кездескенде де, басқа да ортамен кездескенде тіл мәселесі көтерілгенде ең алдымен «қазақ қазақпен қазақша сөйлесу керек» деп үнемі айтып жүреді.

Міне, мәселе осында, біз бір-бірімізбен қазақша сөйлессек, біз өз тілімізді өзіміз құрметтесек, біз оған шын мәнінде жанашырлық білдірсек қана тілдің болашағы болады. Тіл бар жерде қазақ бар, тіл жоқ жерде қазақ жоқ. Бітті, басқа формула жоқ бұл мәселеде», – деп тоқетерін айтты Тасмағамбетов.





8 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Айназия 14 Ақпан, 2017, 20:28

    формула!Ағатай мың жасаңыз,қазақы жүрегіңіз ана тілін биікке шығаруға жазсын!тілектес қарындастарыңыз қай жерде жүрсеңіз де амандығыңызды тілейді.

    Жауап жазу
  2. серік 14 Ақпан, 2017, 20:34

    Тіл бар жерде қазақ бар, тіл жоқ жерде қазақ жоқ! Дәл айтылыпты! Басқа алып қосарым жоқ!

    Жауап жазу
  3. Нұрлан 14 Ақпан, 2017, 21:32

    Соны бірінші жоғарыда отырған депутаттарға, министрлерге, әкімдерге, әскери шенеуніктерге түсіндіру керек, Содан кейін барып бар Халық түсініп, Қазақ тіліне құрмет болады және тек Қазақ тілінде сөйлейтін болады.Балық Басынан шіріп жатқан жоқ па ?

    Жауап жазу
  4. Ақыл 15 Ақпан, 2017, 01:58

    Иманғали елін сүйген ұл ғой. Қайда жүрсе де аман жүрсін. АЛЛА қолдасын. Біз тілегін тілейміз .

    Жауап жазу
  5. ҚАЗАҚ АНА ТІЛІ ДЕП ҚАНДАРЫ ҚАЙНАҒАН, ЖҮРЕКТЕРІ ҚАЗАҚ ДЕП ДҮРКІЛДЕГЕН ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ!!!!!!!!!! 15 Ақпан, 2017, 14:00

    ИМАНҒАЛИ АҒАМЫЗҒА ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ БАС ИЕМІЗ!!!!!!!!!!!!
    Италиялық кәсіпкер-жиһан­кез Реналью Гаспириннің «141 мемлекетті араладым. Өз мем­ле­к­етінде өзінің ана тілінде сөй­ле­мейтін бір бейшара халықты көр­дім. Ол – қазақ» деп жазған.
    ҚАЗАҚ АНА ТІЛІҢ ҚАНЫҢ БҰЛ, НАМЫСЫҢ БОЛЫП ТҰР ЖҮРЕГІҢДЕ!!!!!
    ҚАЗАҚ АНА ТІЛІҢ АРЫҢ БҰЛ ҰЯТЫҢ БОЛЫП ТҰР БЕТТЕ!!!!!!
    ҚАЗАҚ АНА ТІЛІҢДІ СІҢДІР ҚАНЫҢА, СІҢДІР ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ҚАНЫНА!!! МІНДЕТІҢ БОЛЫП ТҰР ӘР ҚАЗАҚ!!!!!!!!

    Жауап жазу
  6. Шаукенов Аманжан 15 Ақпан, 2017, 14:52

    Өте дұрыс айттыңыз Иманғали жерлес ағам

    Жауап жазу
  7. манат 15 Ақпан, 2017, 17:50

    ал өзі өткізген кеңестер мен жиындар да неге орыса сайрайды.көсем екеуі бір шапаннан шыққандар ісі мен сөзі қабыспайды,

    Жауап жазу
  8. alau 16 Ақпан, 2017, 00:39

    Қазақ халқының басында тұрған ауыр қайғы.Мемлекет басшысы мемлекеттік тілде ғана сөйлеуге міндетті!Әлемдік тәртіп осы.Орындамау көргенсіздік.Орыстан қорқа қорқа онсызда жойылып бітіп барасың.енді нені сақтамақсың,қазағың сақталмаса,

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*