Қызылорда облысында “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы туды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында бір бүйірінде “Алла” және “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы өмірге келді.

[caption id="attachment_131039" align="alignnone" width="700"]16682032_1809580832630021_2183643619202976833_n Фото: Фейсбук[/caption]

Бұл туралы qazaly.kz хабарлайды.

“Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында бір бүйірінде “Алла”, бір бүйірінде “Мұхаммед” деген жазуы бар қозы туылыпты. Бүгін бұл кереметті өз көзіммен көріп, суретке түсіп қайттым”, – деп жазады ол.

“Кешқұрым мал өрістен қайтқан соң қораға кірсем, буаз аналық қой толғатып жүр екен. Бұл қалыпты жағдай болған соң, еш алаңдамастан үйге кіріп кеттім. Таңға жуық қораға келсем, мал төлдеп, қозы туыпты”, – дейді Азамат Еділұлы.

0670289ae0f2df4fc89f7d5521e9f36b

Жаңа туған қозының денесіндегі ақ белгіні байқаған ол таңғажайып жазуды бірден Қазалы қаласындағы “Жиеналы Ахун” мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозының үстіндегі “Алла және Мұхаммед” деген жазуларды оқыпты.

16708503_1809584602629644_4594001855457281418_n

“Бұл жағдай Алла тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде “Алла”, екінші бүйірінде “Мұхаммед” деген жазуы бар қозының Қызылорда облысында алғаш рет қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Уақытысында бұл жерде жүз мешіт болған”, – дейді Түктібаев ауылындағы “Орынбет ишан” мешітінің бас имамы Ғабдулла Ізат.