Валюта бағамы USD : 312.44 | EUR : 340.47 | CNY : 45.34

26-ШЫ БАПТЫҢ ЖЕРГЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ЕКЕНДІГІ АТА ЗАҢДА ЖАЗЫЛУЫ ТИІС

Фото Армана Сқабылұлы.

Бүгін жас Алаштанушы ғалымдар клубының отырысына қатыстық. Алаш парламентаризмі мен Конституциялық реформа төңірегінде басталған əңгіме атышулы 26 бапқа өзгерістерге байланысты өткір пікірталаспен аяқталды.

«Инвестицияларды қорғауға мүмкiндiк беруiмiз керек. Себебi инвестицияларсыз ешбiр экономика дами алмайды. Ал, экономикамыз дами алмаса, бiз басқалардан, бүкiл заманауи əлемнен, өткен ғасырдағы технологиялармен қалып қоямыз. Əрине, инвестицияны қолдап, жерiмiздi де қорғаумыз керек!

Сондықтан, 26-бапты тағы бiр тармағымен толықтыру қажет сияқты: «Осы бапта көрсетiлген меншiктi қорғайтын ереженің – жер мəселесiне қатысы жоқ».

Бұл «Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашевтың ұсынысы. Оны жиынға қатысқан ғалымдар да қолдады. Несі бар, ойланып көруге болатын ұсыныс деп ойлаймын.

Арман Сқабылұлы,

Фейсбук парақшасынан





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Нұрлан 12 Ақпан, 2017, 11:35

    Өте дұрыс. Сенат депутатты айтып жатыр, Шетел азаматттары Қазақ Елінде мүлік алса оны заңдастыру керек деп. Шет елдің қамын ойламай, бірінші Қазақ Халқының қамын ойлау керек.Шаруалар малын қай жаққа жайатындарын білмей жатыр,Жерлерді барлық ревизиядан өткізу керек-ол кімнің жері?, Қазақ Тілін сақтау керек, Ресейден қорқып қайтадан барлық жерде орысшаға айналып кетіп барады, Қазақ Тілін үйреніп жатқан адамдар жоқ десе болады, орысша білмесең немесе онша жаза алмасаң -сен 2-3-сорты адамсың өз Еліңде не деген сұмдық, соны істеп отырған аспаннан түскен Қазақтар. Пәтер алу деген, арадағы таза ,имансыз адамдар ойына келгенін істеп жатыр. Ал егерде депутаттар Шетелден келген азаматтардың құқығын ойласа онда бөлек көрсетсін, Мысалы Израйлден келген Еврей Қазақ Еліне пәленше Инвестиция салды соған орай ол жұмыс істеп жатыр автомашина алыпты Қазақ Елінде соған құқығы қорғалсын пәлен уақыттан пәлен уақытқа шейін деп.

    Жауап жазу
  2. Гүлмира 13 Ақпан, 2017, 16:55

    Онсызда жерге қатысы жоқ қой. Жерге қатысы жоқ заңға жер туралы жазып не керегі бар? Мүлікті ешкім ешкімнен тартып ала алмайды. Әрине кейбір жағдайларда қарыз есебінен тартып ала алады.

    Жауап жазу
  3. Айжанар 13 Ақпан, 2017, 16:55

    26 бапты дұрыс оқып шықпай жатып, ұлардай шулап жатқандар бар. Олар тобырлық көзқараспен өмір сүріп жатқан адамдар дер едім. Меніңше сарапшылар мен заңгерлердің пікіріне қол асу керек.

    Жауап жазу
  4. Гүлжан 13 Ақпан, 2017, 16:56

    Бізде жағымсыз жағдайлар пайда болып жатқан сияқты. Билік бірдеңе десе, әбден қарсы шығуға үйреніп алыппыз. Кішкене сабырлықпен, түсінікпен қарауымыз керек қой.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*