Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК бас продюсері болды

Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК" бас продюсері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоянбаевтың айтуынша, бұл қызметке ол ақпанның басында келген. Шоумен телерадиокорпорацияның бас продюсері қызметі мен "Түнгі студияда" шоуының жүргізушісі жұмысын қатар атқарады.

"Алдымызда міндет көп. Өзіміз өндірген шоу-бағдарламаларды көптеп шығарғымыз келеді. Өзіміз өндірген сериалдардың санын арттырғымыз келеді", - деді жүргізуші.