Мәулен Әшімбаев: Дума депутаттары қазақ жері туралы айтқанда абай болуы керек

Қазақстан-Ресей қатынастары XXI ғасырда тату көрші және одақтас келісімі мен қазақстандық-ресейлік шекара келісімдерінің негізінде қалыптасуда. Бұл туралы парламент мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәулен Әшімбаев: Дума депутаттары қазақ жері туралы айтқанда абай болуы керекРесей Федерациясы Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ бойынша басты серіктестердің бірі саналады. Сондай-ақ бұл ел Қазақстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалары бойынша да маңызды серіктесінің бірі. Екі елдің президенттері барлық форумдар мен алаңдарда өзара қолдау мен түсіністік танытып келеді.

«Бұл үкіметтер мен парламенттер деңгейіндегі өзара іс-қимылдарға да байланысты. Осы орайда РФ -мен қатынастардың жоғары деңгейіне Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының төрағалығына сайланған Вячеслав Володиннің алғашқы ресми сапары дәлел болып отыр. Сондықтан да Қазақстанға аумақтық наразылығы бойынша Мемлекеттік думаның депутаты Шперов айтқан сөздер қисынға келмейді деп ойлаймын. Осы тектес пікірлер Қазақстан мен Ресейдің достық әрі тату көршілік қатынастар рухына сәйкес емес. Себебі, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік ұстанымдарына негізделген»,-дейді Әшімбаев.

«Мемлекеттік думаның депутаттары мемлекеттердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қатысты мәселелерде сөздеріне абай болуы керек деп пайымдаймын. Сондай-ақ олар стратегиялық серіктестік, біздің елдер мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достық ұстанымдарына ерекше мән беруі қажет»,-деп түйіндеді сөзін мәжіліс комитетінің төрағасы.