Қазақстан қоржынына Универсиаданың бесінші алтыны түсті

Қазақстан қысқы Универсиада ойындарының бесінші алтын медалін жеңіп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түстіМогулдан финалдық жарыста фристайлшы Дмитрий Рейхерд 79.94 ұпайымен Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды. Ал күміс жүлде ресейлік Сергей Шимбуевқа (79.11) бұйырса, қола жүлдені тағы бір қазақстандық Павел Колмаков жеңіп алды.