Универсиадаға Қытай атынан қазақтың конькиші жігіті қатысып жатыр

Конькимен жүгіру спортынан Қытай құрамасының сапында Универсиада ойындарына қатысып жатқан этникалық қазақ Дәстүр Тұрсынхан жарыс жайлы өз пікірін білдіpді деп хабарлайды Prosports.kz.

Универсиадаға Қытай атынан қазақтың конькиші жігіті қатысып жатыр"Кеше 5000 метр қашықтықта жарысқа түстік.  Қар жауып, мұз айдынын білмегендіктен де жақсы нәтиже көрсете алмадым. Ертең 1500 метр бойынша жарысқа шығамын.

Жүлде алуға мүмкіндік бар. Ертең, бұйырса, жүлделі боламын деп үміттенемін.

Қытай біріншіліктерінде 1-ші және 2-ші орындар алып жүрмін. Халықаралық ірі жарыстарға әлі қатыса қоймадым. Дегенмен, бір жылдан кейін Қытайдың ұлттық құрамасына кіруге мүмкінідік бар. Осы спортпен айналысатын басқа да қазақ жігіттері бар. Қытай құрамасына мен ғана алындым.

Қазақстанға келгенде жақсы әсер алдым. Көңіл-күй өте керемет. Тарихи отаныма бірінші рет келуім. Осы елде алтын алсам - арманым жоқ", - деді спортшы.