Қазақ қызы атақты Chanel үйінің иесіне мұрагер ұл тауып берді (ФОТО)

Өткен жылы наурыз айының аяғында ақпарат құралдары (әсіресе, сән бағытындағы) елең еткізерлік жаңалықты жарыса жариялады. Chanel үйінің мұрагері Дэвид Вертхаймер қазақ қызы Тоғжан Ізбасароваға үйленген болатын. Енді олардың Ванесса есімді қыздары дүниеге келді. Еуропадағы сәнқойлар арасында Тоғжанға қатысты "бұл қыз кім екен?" деген сұрақ туындаса, біздегі сән-салтанатты ортада ол танымал еді.

Бұл туралы Ratel.kz сараптамалық интернет-порталы жазды. КИМЭП (Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институты) түлегі һәм алматылық it-girl еліміздің гламурлық шараларында талай мәрте болған, Cosmopolitan, Boulevard сияқты журналдарға шыққан. Кейін Тоғжан тіпті Женевадағы сән-салтанатты ортада жүретін болды. Осы қаладағы Webster University Geneva университетінің бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация факультетінде оқуын жалғастырды.
Дэвид пен Тоғжанның қашан кездескені туралы еш жерде жазылмаған. Оған таң қалуға да болмайды. Өйткені Вертхаймерлер отбасы сән-салтанатты жиындарда жиі болмайды. Сондықтан да ол осы тойға дейін журналистердің көзіне көп шалынбаған.
Дэвидтің әкесі Жерард пен ағасы Ален (суретте) атақты Chanel үйін 30 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді. Ағайындылардың байлығы 20,4 миллиард долларды құрайды. Бірақ олар өте қарапайым. Сән көрсетілімдерінде үшінші немесе төртінші қатарда отыра береді. Суретке түсуге де көп құлық танытпайды. Ал бойында 50 пайыз қазақ қаны бар кішкентай Ванессаға олардың байлығының қанша бөлігі бұйыратынын уақыт көрсетер. Аса ашыла бермейтін Вертхаймерлер оның дүниеге келгенін де жар салып айтқан жоқ. Туғанына 40 күн болғанға дейін Ванесса туралы тек олардың жақындары ғана білді. Chanel-дің қазақ мұрагері өткен жылдың соңына қарай дүниеге келген.
  [caption id="" align="alignnone" width="511"]Дэвид Вертхаймер мен Тоғжан Ізбасарова Дэвид Вертхаймер мен Тоғжан Ізбасарова[/caption]