Екі бірдей қазақ қызы Универсиада ойындарының жүлдегерлері атанды (фото)

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында фристайл-акробатикадан қыздар арасындағы бәсеке аяқталды. Бұл сында екі бірдей аруымыз ел намысын қорғаған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Екі бірдей қазақ қызы Универсиада ойындарының жүлдегері атанды (фото)Тәжірибелі спортшы Жібек Арапбаева күміс жүлде иеленсе, Жанбота Алдабергенова қола жүлдегер атанды. Екі спортшы да Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері. Бұл сында алтын медаль қытайлық спортшының еншісінде кетті.
Екі бірдей қазақ қызы Универсиада ойындарының жүлдегері атанды (фото)Фристайл-акробатика. Қыздар. Финал.

1. Чжу Иньинь (Қытай) — 64.09

2. Жібек Арапбаева (Қазақстан) — 60.84

3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) — 60.48