Еркін Ізбасар өзін-өзі сабап, ауруханаға түсті — ҚР ҰҚК

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Ақтөбеде мұнай жымқырды деген күдікпен ұсталған «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының серкесі делінген Еркін Ізбасардың ауруханаға не себепті түскенін айтып берді.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«2016 жылдың 13-желтоқсанында Еркін Ізбасарға дене жарақатын салу және билік өкілдерінің заңды талаптарына мойынсұнбау деректері бойынша соталды тергеудің материалдары тіркелді. Тергеу кезінде Ержан Ізбасардың өз бетіне өзі жұдырықпен соққы жасап, темір төсектің бұрышына басын ұрғаны анықталды, бұл видеожазба арқылы дәлелденіп отыр», — деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілдері ресми сауалға берген жауабында.

Алайда Еркін Ізбасардың тергеу изоляторына қайтарылу-қайтарылмауы белгісіз қалып отыр. Бұл комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысында анықталады.

Өткен жылдың 30-желтоқсанында Ізбасардың адвокаты Серік Сәрсенов қорғауындағы азаматтың тергеу изоляторынан ауруханаға ауыстырылғанын хабарлаған. Өздігінен жүре алмайтын, бүйрегінің жетіспеушілік дерті бар, мүгедек Еркін Ізбасар істі болғаннан бастап оның адвокаты мен анасы сот біткенше оны үйқамақта ұстауға рұқсат беруді сұрап, түрлі инстанцияға шағымданған, алайда одан нәтиже болмады.