Қыдырәлі Болманов өзіне тағылған айыптың қате екендігін дәлелдеді (ВИДЕО)

Жер мәселесімен тоқал дауына бір ілігіп, кейіннен уақытша тіркеуге байлансты карикатураға ұшыраған атақты әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов 2016 жылдың жазында Ресейде «Балбала» қуыршақтарына қатысты диссертация қорғап, PhD докторы деген атақ алған болатын. Ал кешеден бері қазақстандық БАҚ беттерінде Қыдырәлі Болмановтың бұл атақты алғанын өтірікке балап, ресейлік ғалымдардың мұндай ақпаратты жоққа шығарғаны туралы шу көтеріліп, қоғамда біраз талқыға түсті. Қыдырәлі Болмановтың басы тағы дауға ілігіп, назарға ілінді. Өзіне жабылған жалаға қатысты продюсер әлеуметтік желіге өз пікірін жазып, жауап берді. Сонымен қатар дәлел ретінде видео жүктеген. Бұл туралы Қамшы хабарлайды.

“Ассалаумағалейкүм Қазақ Елі! Мынау жасалып жатқан ( Учебно-методический комплекс ) жөнінде баяндамадан үзінді. Ресейде столдың жапқышында “Академия Естествознания”-деп жазылып тұр. Яғни Российская Академия Естествознания. Және Международная Академия психологий,-президенті Ресей Академигі В.В. Козлов. Осы екі Академия маған Доктор PhD, психология ғылымдарының кандидаты атағын берді.Бірнеше жыл жазып, 2015 жылы ғылыми диссертация қорғадым. Қорғау алдында бірнеше Мемлекетте баспасөз бетінде мақалаларым шықты. Диссертация тақырыбы: “Формирования элементов этнического самосознания личности дошкольника”. Гакку арнасы дисертация қорғауында болған… Қазіргі дау көтеріп отырған адамдар Российская Академия Наук, РАН-нан менің фамилиямды сұрастырған. Бірақ олар РАЕ-ден емес,РАН-нан, басқа Академиядан сұраған. РАЕ-ден сұраса, менің фамилиям тіркелген. Неге олар тіркелген, диссертация қорғалған жерден сұрамайды? Аталмыш Академиялардың барлығы Ресейлік. Ал мен Ғылым жолында жүрген адам емеспін. Мемлекеттік қызметте жоқпын. Ешкімнің басын жарып, көзін шығармаппын. Менің жұмыстарымнан Ешкім зиян шекпепті. Аллаға сансыз мадақ! Басты Ниетіміз “Методикалар” қисық болып кетпеу үшін,ғылым негізінде жасап шығаруды ұйғарып, ғылымның терезесін қақтық. Үлкен ғалымдармен ақылдасып отырып, керегін алдық. Ең бастысы тек диссертация емес, ең бастысы – өнім бар! Уебно-методический комплекс Балбала Білім Министрлігінің аттестацияларынан өткен ( Приказом #515 от 10.12.2014 года Министерства образования и науки РК мы вошли в перечень учебников и учебно-методических комплексов, разрешенных к использованию в организациях образования.) Ол да бар. Қазақстан бойынша лабораториялық тексеруден өтетін ойыншықтар – тек қана Балбала. Барлық тазалыққа қатысты сертификаттардың бәрі бар. Егер менің ғана диссертациям өте маңызды “қауіп” төндіріп тұрған болса, қайталап, дамытып Қазақстанда да диссертация қорғауға дайынмын. Тақырыпты ешкімнен ұрлап алмадым.Тақырыбым тың, 25 жыл ішінде бұрын-соңды менен басқа ешкім оқу-әдістемелік құрал түгілі, қазақша ән айтатын, қазақша сөйлейтін ойыншық та жасамаған. Сонда осынша шу не үшін? Кімге қажет? Еліміздің дамуына қандай пайдасы бар? Сіз қалай ойлайсыз,әр Қазағым жалғызым?” – дейді әнші.