БАҚ: Қытайдың қазақ қызына үйленген азаматтарына қомақты ақшалай сыйлық беретін саясаты бар

Қытайда ұзақ жыл тұрып, жеке кәсібін ашып алған Бәтима есімді азаматша қытай еркектері жайлы бар шындықты айтып берді. Сондай-ақ, ол Қазақстанға үлкен қауіп төніп тұрғанын ашына жеткізді деп хабарлайды Rgmedia.kz ақпараттық порталы.

Қытай қазағы: Қытайлықтар қазақ қыздарына ішкі есеппен үйленгелі жатырҚытайда  біраз жыл өмір сүріп, кейін ата жұрты Қазақстанға қайтып келген Бәтима Егембердіқызы көкейінде жүрген көптеген ойларды бүкпесіз баяндап берді.

"Өткенде қазақ қыздарына қытайлықтар құда түсе бастапты. Бұл енді барып тұрған сұмдық. Әрі алаяқтық деуге болады. БАҚ-та қытайлық күйеубалаларды өте бай деп жарнамалаған. Ал, олар шынында бай ма? Оған кім нақты кепілдік бере алады? Біздің қаракөз қыздар "бай" дегенге қызығып, оларға ойланбай тұрмысқа шығып кетуі әбден мүмкін.

Мен өзім Қытайда ұзақ жыл тұрдым. Қытайда мынадай саясат бар. Егер Қытай азаматы шетел азаматшасымен некелессе, оларға белгілі бір көлемде ақшалай сыйақы береді. Мысалы, 10-15 мың доллар көлемінде. Қазір нақты қанша екенін ұмытып тұрмын. Қытайдағы арнайы орындарға шетел азаматшасымен некелескен құжатты көрсетсе болды. Міне, Қытайлықтар қазақ қызына қарақан басының мүддесі үшін ішкі есеппен үйленеді. Ішкі есеппен үйленген еркек әйелін сыйлай ма?", - деді Бәтима Ембердіқызы.

Сонымен қатар ол: "Қытайда еркек көп. Оларда шетелдік қыз-келіншектерге сұраныс өте жоғары. Мысалы, осы Қазақстанда "Модель керек! Жалақысы өте жоғары!" дегендей жарнамаларды оқтын-оқтын кездестіріп қаламыз. Оңай ақшаға қызыққан қыз-келіншектерді "Таня апай" Қытайға апарады. "Бай боласың! Бай азаматпен отбасы құруыңа мүмкіндік өте жоғары! Шетелден шетел қоймай аралайсыңдар!" деген жылтырақ сөздерді құлағына әбден құйып тастайды.

Әлгі қыз бұған мәз болып қалады. Осылайша, "Таня апай" модель болуға асыққан қыздарды қармағына түсіріп, Қытайға келісілген, тапсырыс берген жерге апарып тастап, ақшасын сытырлатып санап алып, тайып тұрады. Ары қарай әлгі "модель қыздар" құлдыққа салынады. Қандай құлдық екенін өздеріңіз білесіздер", - дейді Бәтима Егембердіқызы.