Астана процесі: Бүгін Сирия дағдарысын шешу бағытындағы келіссөздер басталады

Астана процесі: Бүгін Сирия дағдарысын шешу бағытындағы келіссөздер басталады

Бүгін Астанада Сирия дағдарысын шешу бағытындағы келіссөздер басталады деп хабарлайды Хабар арнасы. Келіссөздерге қатысатындарын растаған барлық тараптар елордаға жиналды.

Сирия Араб Республикасы үкіметінің өкілдері, Сирия оппозициясы өкілдері, Ресей Федерациясы, Түркия, Иран Ислам Республикасы мен АҚШ өкілдері де осында.

Келіссөздер бүгін сағат 13.00-де басталады деп жоспарланған. Айта кетейік, кездесу жабық есік жағдайында «Риксос» қонақ үйінде өтеді.

Бұл кездесуден нақты шешімдер мен Сирия дағдарысын шешуде ілгерілеу, бітімгершілік күтіледі. Қазірдің өзінде әлемнің 380-ге жуық БАҚ өкілдері елордадағы айтулы шараға назарларын салып отыр.

«Астана процесінің табысты етуін қалаймыз», - деп мәлімдеді БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура осылай деп мәлімдеді.

Айта кетейік, келіссөздер 24 қаңтар күні сағат 13.00-де аяқталады деп күтілуде. Ал ресми тіркелген журналистер үшін «ҚазМедиаОрталығында» ашылған баспасөз орталығы таңғы 9-дан бастап тәулік бойы жұмыс істейді.