Рушылдық пен жершілдік дамып, ұлтшылдық шаңда қалды...

 

Серік Сапиев пен Генадий əлемді мойындатқанда Қарағанды болып бөлініп кеттік. Илья шыққанда Қызылорда болып қырып кете жаздадық, Данияр шыққанда Орал болып ойрандай жаздадық. Ардақ, Назымдар  шыққанда Алматы болып алшаңдап алдық. Қанат шығып еді, əупірімдеп барып қазақ болдық. Енді Димашымыз атой салып еді,  қайтадан Ақтөбе болып аспандап кеттік...

Құдай-ай, қашан осы рушылдық,  жершілдігімізді жайына қалдырып, қазақ болып, қазақтың əрбір ұл-қызы шыққан жетістікке бөлінбей қуанады екенбіз?!. Рушылдық пен жершілдік идеологиясының қасында ұлтшылдық идеологиясы қою шаңда қалып қойған жоқпа осы?

Бақыт ТҰШАЙ Фейсбук парақшасы