«Пәктік» жасату 30 мың теңге тұрады

Картинки по запросу қыздың пәктігі

Гименопластика — қарапайым ғана операция, оны кез-келген дәрігер жасап бере алады.

Ия, «пәктікті» қалпына келтіруді – ғылым тілінде гименопластика дейді. Дәрігердің алдына барғанда «қыздық жасатқым келеді» деген ыңғайыссыз сөздің орнына солай дей салған оңай сияқты. Ендеше, осы операцияның кейбір қыр-сыры туралы 365info.kz порталы жазыпты.

«Мәңгілік» және 10 күндік пәктік бар

Гименопластиканың екі түрі бар: қысқамерзімді және ұзақ мерзімді. Ұзақ дегені – қыздық пердені толықтай қалпына келтіру. Бұл жағдайда алғашқы жыныстық қатынасқа дейін қыз болып қала бересіз. Бірақ операциядан кейінгі 2-4 апта жыныстық қатынасқа баруға болмайды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай әдіске көбіне зорлық құрбандары жүгінеді. Оларға мұндай операция қажет екенін психологтар да бірауыздан растайды.

«Зорланған бір қызға мен осындай операцияға жатуды ұсындым, өйткені ол өзін бұзылған және ластанғанбын деп сезінген. Гименопластика оған шынымен де көмектесті», — дейді психолог Анна Сидорчук.

Ал қысқа мерзімді гименопластика 7-10 күнге ғана «жарамды». Мұны әне-міне күйеуге шыққалы тұрған қыздар таңдайды.

Бірақ қыздық пердені қалпына келтірмес бұрын толық тексеруден өту керек. Өйткені «қыздан» жыныстық аурулар жұғып жатса – күдік туады.

Бағасы қанша?

Алматыдағы клиникаларда көбінесе қысқа мерзімді гименопластика жасайды. Өйткені ұзақ мерзімдісін жасау үшін стационарлық жағдай қажет, әрі оны наркозбен жасайды. Ал қысқа мерзімдісі тым қарапайым әрі қауіпсіз операция екен.

Алматыда мұндай қызмет 30 мың теңгеден басталады екен. Клиниканың түріне қарай, ары кетсе 40 мыңнан аспайды.

Акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары дәрежелі дәрігер Шолпан Сармолдаеваның айтуынша, гименопластика — шынымен де өте оңай операция, оны кез-келген дәрігер жасап бере алады. Сол себепті қыздықты қалпына келтіру үшін Алматы мен Астанаға барудың да қажеті жоқ. Тек дәрігеріңізбен сөйлесіп көріңіз.