Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы тұңғыш рет финалға шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тарихта тұңғыш рет Гранаткин мемориалының финалына жолдама алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы тарихта тұңғыш рет финалға шықтыФИФА-ның бірінші вице-президенті құрметіне өткізілетін дәстүрлі турнирде құрама ойыншылары тұңғыш рет жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Ширек финалда Словениядан 2:0 есебімен басым түскен Қазақстан құрамасы жартылай финалда Грекияны 2:1 есебімен жеңді.

Гректердің қақпасына екі гол соққан ойыншы Айдос Орал  құраманы финалға алып шықты.

Енді Қазақстан құрамасы Гранаткин турнирінің финалында "Зенит" және Ресей құрамасы арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Гранаткин мемориалы - 2017. 1/2 финал

Қазақстан U-18 - Грекия U-18 - 2:1 (2:0)

Голдар: Орал 18, 49 - Цоварас 57

Алаңнан қуылды: Пайруз 42