БАҚ: Президент әкімшілігі жетекшісінің экс-орынбасары Майлыбаев қамауға алынды

Президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ЦентрАзияға" сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ: Президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары Майлыбаев қамауға алындыБасылымға Астанадағы дереккөздің хабарлауынша, жұма күні құқық қорғаушы органдар Бағлан Майлыбаевты қамауға алған. Бұған қатысты ресми түсініктеме алу мүмкін болмады. Майлыбаев жұмадан бері телефон қоңырауларына жауап бермейді.

Бағлан Майлыбаев 1975 жылы дүниеге келген, заң ғылымдарының докторы.

2002 жылдан бастап Мәдениет министрлігінің БАҚ департаменті директоры,  "Казахстанская правда" АҚ президенті, "Заң" АК президенті, Қазақстан президентінің баспасөз қызметі басшысы, Қазақстан президенті баспаөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Майлыбаев президент әкімшілігінің бұрынғы басшы орынбасары қызметінде алты жыл бойы болған.

12 қаңтар күні ол президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.