«ҚЫТАЙҒА ҚАТЫН БОЛҒАНША, ҚАРА ЖЕРГЕ КІРЕЙІН!..» Қытай күйеубалаларға қарсы билікке Үндеу хат

Мұхтар Тайжан неге халықты жайбарақаттыққа шақырып отыр?

  Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен ұйымдардың жетекшілеріне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К.Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Н.З.Нығматуллинге Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ж.Қ.Асановқа Қазақстан Республикасы Ұлттың Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы К.Қ.Мәсімовке Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымовқа

ҮНДЕУ-ХАТ

Қазақтың қас дұшпандары көз ілетін емес: күндіз-түні андыздап, Алаш баласының іргесін сөгу жолында бар күш-қайраттарын аямай жұмсауда. Бәріміз «бас қаламыз» деп мақтанатын өркениетті заманның шаһары – Астанамызда Татьяна Логвиненко есімді бір орыстың әйелі жеңгетайлық қызмет көрсететін мекеме ашып алып, талтүсте қазақтың қыздарын қара қытайға саудаласауға кірісіпті. Бұл қылығынан түк те қымсынбай, әрбір тауып берген «күйеу» үшін 25 мың теңге жарна алады екен. Ұлтымыздың аруларын саудалауды ашықтан-ашық жарнамалаған агенттік қалталы қытайлардың алғашқы легін ақпанда күтіп отырған көрінеді... «Қазақ қыздарын қытайларға саудаламақшы» деген анайы ақпарат намысты қазақты ерінен аударып тастай жаздады. Әлеуметтік желілер жарылуға шақ қалды. Біреу – ойбай салды, біреу – айғай салды, біреу – табалады, біреу – тобалады... Намыстан жарылардай қызынып, нарттай қызарып отырғанымызда,  қоғам белсендісі  Мұхтар Тайжанның: «Биліктің арзан тапсырмасымен жұмыс істеп жүрген «ұлтшылдар» «Түмедейді – түйедей» көрсетіп, халықтың назарын басқа бір жаққа бұрып тастайды» – деген жайбарақат, мамыражай қалыптағы пікірін оқып, таң-тамаша қалдық... Қазақ қызының қайсарлығын жоғалтпаған Асыл Иб­рагимова есімді қандасымыздың: «...Қытайлық­тар­ды айтпағанда, қаймағы бұзылмаған қазақ ауыл­дарында үйін, бала-шағасын тастап, жеңіл жүріске түсіп кеткен қазақ әйелдері көбейіп барады. Үйсіз, көшеде ақша сұрап жүргендер де аз емес. Өз көзіммен көргенімді айтып отырмын. Дабыл қағатын мезгілден кешігіп жатырмыз. Ұлттық тәрбие күшеймесе, бәрі кеш болады. Мұхтар Тайжан неге халықты жайбарақаттыққа шақырып отыр? «Көздеріңді жұмып отыра беріңдер, ештеңе етпес» дегісі келе ме?» – деген жігерлі сөздерінен есімізді дереу жиып алдық...

Енді Мұхтар Тайжан бауырымыздың «Өз басым қазақ қыздарымызға да, жастарымызға да сенем, паникаға еш негіз көріп тұрған жоқпын. Жастарымыз қазақтілді, рухты, намысты» – деп, Мағжан ата Жұмабаевшалап бастаған жазбасының әр тұжырымына уәж беріп көрсек...

  • Мұхтар Тайжан: «Өзге ұлттарға тиген қазақ қыздары 4-ақ пайыз ғана... Қазақ жігіттердің ішінде бұндайлар 8 пайыз...».
  • Біздің уәж: «Сол 4 пайыздың ішінде сіздің туған қызыңыз болса, не дер едіңіз? Ал, 8 пайыздың арасында сіздің ұлыңыз көзі қысық қытай қызын отбасыңызға келін қылып түсіргенін қалар ма едіңіз? Әлде, қаймана қазақтың ұл-қызының құны жоқ па?..»
  • Мұхтар Тайжан: «Біз құрттай, кіп-кішкентай, бір ауылдағы ұлт емеспіз. Үлкен ұлт болған соң арамызда жезөкшелер, нашақорлар, алқаштар, қызтекелер, сатқындар да болуы мүмкін. Адамның табиғаты сондай, арамызда 0,0001 пайыз сондайлар болса да, жалпы ұлтымыз одан тозбайды...»
  • Біздің уәж: «0,0001 пайызды құрайтын жезөк­ше­лердің, нашақорлардың, алқаштардың, қыз­те­келердің, сатқындардың ортасына өз ұрпа­ғы­ңыздың кіріп кетпейтіндігіне кепілдік бар ма?..»
  • Мұхтар Тайжан: «...Жастарға дұрыс шарт, әділетті мемлекет қалдыруға міндеттіміз. Онда немерелеріміз де осы елде жақсы өмір сүреді...»
  • Біздің уәж: «Жаңабек Наров деген замандасымыз «Бабаларымыз айтқандай, қалың қытайдың қаптауынан қорқуымыз керек. Бәлкім, ФБ-да дау туындатқан жазба арандату болар. Бірақ, қытайлардың қаптап келіп жатқаны рас. Жәйлап зауыт салып жатқаны да рас. Қытайда, бір үйде 3-5 бала болса, мемлекет көп балаға рұқсат бермегендіктен, 1-2-не ғана құжат алады да, қалған балалары құжатсыз жүреді. Сонда құжатсыз қытайлар қайда барады? Қазақстан сияқты жемқорлық жайлаған елге келеді. Қытайларға адам емес, жер керектігін, баяғы бабаларымыз біліп айтып кеткен...» – деп жазыпты. Демек, ертең «дұрыс шарт, әділетті мемлекет қалдырып, немерелеріміз де осы елде жақсы өмір сүруі» үшін бүгін жағамызды жайлауға жібермей, дабыл қағуымыз керек шығар!

Қоғам қайраткері, арқалы ақын Мұхтар Шаханов­тың айтуынша, бүгінгі таңда 20 мыңнан аса қазақ­тың қызы қытайға қатын болыпты. Яғни, тәу­ел­сіздіктің әрбір жылында бір мыңға жуық қазақ қыздары қытайдан құрт-құмырсқа асайтын ұрпақ туып жатыр. Мұндай масқаралықтың басты себеп­терінің бірі, мысалы, Ақтөбе облысында 30 мыңнан астам қытай бар екен. Бірақ, олардың нақты санын жасырып отыр. Бұрын қазақ жеріндегі қы­тай­лар тығылып-жасырынып жүретін еді. Бұл күн­де қазақтың қызын құшақтап мейрамхана жаға­лап, қонақ үйге оңашаланатын халге жетті. Қытай­лық әлеуметтік желілерде қазақ қыздарына «құда түсуге» шақырған жазбалар қаптап, қаншама қарындастарымыз қытай құрған қанды қақпанға түсіп жатыр... Рас, «EXPO сияқты халықаралық көрме өткізейін деп отырғанымызда мемлекетке қара күйе жағар қандай бір әрекеттің алдын алуға тиіспіз» деген сарындағы мылжың үндеусымақтармен қатар: «Қытайлықтар қазақтың жігіттерінің тырнағына да татымайды, оны әрбір қазақ қызы біледі. Біздің қыздар оқыған, ақылды, ақшаға қызықпайды, ақшаны өздері-ақ табады. Саналы қыз өзінің болашағы үшін қытайға күйеуге шықпақ түгіл, жанына да жолатпайды. Жастарға сенейік, әйтпесе, қайсысының етегіне жармасамыз?!.» – дегендей дәргейге жығылған жылмаң сөздер де өріп жүр, әлеуметтік желілерде... Осындай оспадарсыз ой мен санасыз сөздердің иелері әлгі Мұхтар Тайжан айтқан төрт пайыздың төрінде өздерінің туған ұрпақтарының да шалынып қалып, қытайдың қақпанында қан қақсауы мүмкін екендігін ұмытпасын! Атамыз қазақ «Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейтін даналығының тереңінде ел арасында шіріген жұмыртқалардың аракідік бой көрестіп қалатындығын меңзеген...


...Өткен ғасырдың  20-30 жылдары ҚХР Үрімші қала­сының қала бастығы Жәкең дейтін ағамыз өз қызының қытайға күйеуге шыққан тойының үстінде туған перзентін атып тастап, көздерінен жасы сорғалап тұрып: «Құрметті қауым! Бұл менің өз жанымнан да артық көретін қызым еді, бірақ, ұлтымды одан да артық көремін, бұл бәріңе сабақ болсын. Егер бүгін осыған қолым бармаса, ертең Шинжаңдағы 2 милион қазақтың қызына ие болуға амалым да болмайды...» – деген екен...


Қытай – еркегі көп, қызы кем, аса қауіпті, алып ел. Бұл ақиқатты бір сәт те есімізден шығармауымыз керек. «Ауруын жасырған – өледі!», сондықтан, әрбір қазақтың қызы: «Қытайға қатын болғанша, қара жерге кірейін!», «Қытайдан бала туғанша – тәтті болар у қанша...» – деген сана деңгейінде тәрбиеленуге тиіс! Елбасымыз бірде: «Әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» – деп еді. Жер дауы мен жесір дауында ешқандай дауыл тоқтата алмайтын қазақтың қыздарын саудалау – ұлттық намысымызды қоздырып, елімізде өзара ұлтараздықты тудыруы әбден мүмкін. Сол себепті, Астана қаласында жеңгетайлық қызмет көрсететін мекеме басшысы Татьяна Логвиненконы қатаң жауапқа тарту керек. Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық бұзылса, елдегі барлық агенттік біріксе де, әлеуметтік араздықты тоқтата алмайды. Аталған саладағы мекемелердің түгелі сүзгіден өткізіліп, тиянақты тексерілсін! Қытай мен орыс – қазақтың мәңгілік көршісі ғана емес, мәңгілік қауіпті дұшпаны да болғанын, бола алатынын да ұмытпауымыз керек.. Қазақ құрдымға кетпеуі үшін қашанда қос қанатына қырағы, қос тақымына мықты болуы керек.

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, qazaquni.kz