Назарбаев мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде өкім шығарды

Картинки по запросу ақорда

Елбасы Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.