Валюта бағамы USD : 326.88 | EUR : 364.9 | CNY : 47.85

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қазақстанның Көк байрағын сүрткіштің орнына пайдаланғандар жазалана ма? (фото)

Айдың-күннің аманында Астанадағы атағынан ат үркетін құрылыс компаниясының құрылыс алаңында Қазақстанның Көк байрағы жер сүрткіш болып, тулақтай илектеліп жатыр, дейді BAQ.kz.

Астанадағы құрылыс алаңында Қазақстанның Көк байрағын сүрткіштің орнына пайдаланған (фото)

«Астананың сол жағалауында Бас прокуратураның іргесінде бой көтеріп жатқан 7 қабатты ғимараттың құрылыс алаңында Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі – мемлекеттік Туды сүрткіш есебінде пайдаланып отырған құрылысшылар да, құрылысты жүргізіп отырған басшылық та жауап беруі керек!», – деп жазады басылым.

Астанадағы құрылыс алаңында Қазақстанның Көк байрағын сүрткіштің орнына пайдаланған (фото)«Осыны көрген соң, мерекелерде көшені безендіру үшін Мемлекеттік туды көптеп шығарудың қажеті жоқ екенін, мынау да өткен мерекелерде көше безендіру үшін шығарылған мемлекеттік тулар екенін байқауға болады», – деп қосты басылым.





4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Сəтжан 11 Қаңтар, 2017, 16:56

    Олардың мамандығын жырту керек,соған немқұрайлы қараған малдар арам тамақтар.

    Жауап жазу
  2. Бектас 11 Қаңтар, 2017, 21:39

    …Көк тудың желбірегені –
    Бақыттың елжірегені,
    Қиырда қалған Қазақтың
    Азат отанға жете алмай
    Көзінің мөлдірегені…

    Бір қазаққа шабыт берген Көк туымыздың мына жерде жатқан түрі жанға батады екен. Обалы кінәлілерге тисін…

    Жауап жазу
  3. Ахмет. 12 Қаңтар, 2017, 09:25

    Кезинде туды балконына илген азаматка ири колемде айыппул салып дау тудыргандар кайда,неге кормей,естимей калган.

    Жауап жазу
  4. Нарбота 12 Қаңтар, 2017, 17:13

    Қазақ, аз бола тұра қыздарын қытайға қиналмай беріп жатқанда туды көздеріне ілер ме екен!!!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*