Жамбылда жойқын жарылыс болды (ФОТО)

Жамбылда төтенше жағдай. Аймақтағы ең ірі «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болды. Жараланғандар бар дейді куәгерлер. Бірақ әзірге оқыс оқиғаға байланысты ресми органдар мәлімдеме жасаған жоқ деп хабарлайды 31 арна.

БАҚ: Жамбыл ең ірі «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болдыЖарылыстың қатты болғаны соншалық 20 шақырым жерді қара қою түтін басып қалған дейді куәгерлер. Куәгерлер апат 7-ші цехта болғанын айтады.

Сөздерінше, зардап шеккен адамдардың қатары қалың. Оқиға орны оқшауланып, күзетшілер ішке ешкімді кіргізбеуге бұйрық алған көрінеді. Жарылыс болған сәтте зауытта болған қызметкерлер химиялық қопарылыстан тіпті жер сілкінгенін айтады. Тіпті терезелері түгел сынып атылғанын жеткізді.

БАҚ: Жамбыл ең ірі «Казфосфат» зауытында жойқын жарылыс болдыОқиғадан опат болған немесе қанша адам жараланғаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ. Ішке тек жедел жәрдем көліктері ғана жіберілуде. Белгілісі, қазір зауыт басшысы күйік жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

"НДФЗ зауытынан науқас Франгулиди 1949 жылғы азамат жеткізілді. Түскен кезіндегі науқастың диагнозы 1-2 санаттағы химиялық күйік. Беті және оң жақ білек тұсы", - дейді Тараз қалалық №2 ауруханасының дене күйік бөлімінің дәрігері Әбілсейіт Сыдықов.