Валюта бағамы USD : 332.7 | EUR : 389.99 | CNY : 49.72

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

ДЕКЕЛБАЕВТЫҢ ДАҢҒАЗА ӘРЕКЕТІ

 

Жуырда Фейсбук әлеуметтік желісінде және «Абай.kz» сайтында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққандардың бірі Ерлан Декелбаевтың «Тарихи кітаптарға мені «сатқын» деп жариялатқан – Мұхтар Шаханов» деген мәлімдемесі шықты. Онда мынадай жолдар бар:

«Мұхтар аға, мұның барлығы өзіңіз басқарған «Желтоқсан комиссиясының қорытындысынан» алынған. Сіз бұл қорытындыға қолыңызды қойып, мені комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз. Мені ұрпақ алдында масқаралап отырсыздар. Бүкіл кітаптардың ішінде бадырайтып тұрып, «Исабеков Сәбитті» сатқан деп ойып тұрып, жалғыз маған ғана қорытынды щығарғаныңызға аң-таң қалып отырмын. Неге сонша маған ғана қадалып қалғансыз? Мұхтар аға, сіз арыз жазып келген 21 адамдарыңызбен бірге қоса 22 адам болып менің арқама пышақ сұқтыңыз. Ең болмағанда еркек құсап сол пышақтың біреуін неге менің кеудеме қадамадыңыздар, Мұхтар аға?»

 

Енді осы сөйлемдерге ой жүгіртіп, саралап көрелік.

Рас, мен 1986 жылғы Желтоқсан шындығын ашумен және оған түпкілікті баға беру жұмысымен шұғылданып жүргенімде Аманжол Нәлібаев бастаған желтоқсаншылардың және оны қолдаушылардың үлкен тобы комиссияға 21 адам қол қойған арнайы хатты әкеліп тапсырған. Сол хаттың ішінде Ерлан Декелбаевтың желтоқсаншы Сәбит Исабековтің сотталуына себепкер болғаны айтылады. Комиссия мүшелерінің және желтоқсан шындығына араласып жүрген өзге де қоғам қайраткерлерінің мұқият түрде талқылауынан кейін комиссия шешіміне мынадай жолдар ендірілген екен:

«Исабеков С.К., тяжело раненный 18 декабря, был помещен в тюремную больницу КГБ. Против него было возбуждено уголовное дело (следователь Егоров). На основании единственного показания другого обвиняемого – Декелбаев Е.А. – Исабеков осужден впоследствии на 6 лет лишения свободы.»

 

Бұл мәліметтің тергеуші Егоров қатысқан арнайы сот шемінен алынғаны көрініп тұр. 21 адамның комиссияға жазған хаты да Е.Декелбаев туралы болатын. Ол хатты өз мұрағатымнан іздеп табу үшін бәлкім айдан аса уақыт қажет шығар. Бірақ хат кезінде газетке де жарияланған сияқты еді.

Енді Е.Декелбаевтың «жалғыз маған ғана қорытынды шығарғандарыңызға аң-таң қалып отырмын» дегені сауатсыздық, пайымсыздық емес пе? 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының тұжырымдамасында жүзден астам адамдардың аты-жөні және жасаған істері баяндалады. Комиссия тек Декелбаев ісімен шұғылданған болса, оның несі комиссия. Екіншіден, Е.Декелбаев «мені комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз» деген пікір білдіреді. Көрдіңіздер ме, ол өзін тарихқа айналдырып отыр. Декелбаев тарихпен сыбайлас болатындай қандай іс тындырыпты. Бірақ дәлелсіз және себепсіз пікір айтып 1986 жылғы Желтоқсан шындығын әйгілеген комиссияға ширек ғасырдан соң орынсыз күйе жаққаны үшін Декелбаевтың желтоқсан тарихында қалуы әбден мүмкін. Әйтпесе, мына әрекетін қалай түсінуге болады?

Көп жыл бұрын менің «Жазагер жады космоформуласы» («Шыңғыс ханның пенделік құпиясы») атты өлеңмен жазылған романымның төңірегінде өрбіген Шыңғыс хан туралы айтыс пен дауда Мұхтар Мағауин Бекділда Алдамжаров деген жігітті өзіне қолшоқпар етіп алып, Шыңғыс Айтматов екеумізге шамасы жеткенше қара күйе жақтырды. Менің «дарын, қабілет атаулыдан жұрдай, мүлдем ақын емес» екенімді дәлелдеп бақты. Ал, Ш.Айтматовтың бірде бір есі дұрыс шығармасының жоқтығын айта келіп, кезінде оның әлем әдебиетінің ұлы тұлғасы Луи Арогон «Махаббат туралы ең тамаша хикая» деп ардақтаған «Жәмила» атты туындысын мазмұнсыз, мағынасыз, ең нашар шығарма деп бағалапты. Біздің арамыздағы даумен айналысып жүрген Алматы қаласы, Медеу аудандық соты өздерінше «Осы азаматтың есі дұрыс па екен?» деген күдікке тіреліп, қаладағы Каблуков көшесінің бойында орналасқан психикалық сауықтыру (жындыхана) орталығына хат жіберген екен, олар Бекділда Алдамжаровтың 22 жыл бойына, жындыханада тіркеуде тұрғанын әйгілеп, бас дәрігері қол қойып, арнайы хат жолдапты. Сол хаттың баспасөзде жариялануы арамыздағы дауды сап тыйып, жұрт арасындағы беделімізге сүйеніш болған еді.

Құдай оның бетін ары бұрғай, әйтсе де Е.Декелбаев туралы да жоғарыдағыдай ойға тірелгенімді жасыра алмаймын.

Желтоқсан көтерілісінің шындығын әйгілеу барысында 5 комиссия жұмыс жасады. Мен басқарған 4-ші комиссия оқиғаға кінәлі 41 адамның аты-жөнін жариялап, М.С.Горбачев басқарған КОКП Орталық Комитетінің, оның Саяси Бюросының қылмысты істерін комиссия шешімі арқылы бүкіл дүниежүзіне әйгілеген шақта, Г.Колбин М.Горбачевке кіріп, КСРО Қауіпсіздік комитеті, КСРО Ішкі Істер министрлігі, КСРО Прокуратурасымен бірлескен арнайы комиссия құрғызып,біздің комиссияның ісін жоққа  шығаруға жұмыс жасағанын жұрттың көбі біле бермейді. Кейіннен менің КСРО Президенті Горбачевті Конституциялық сотқа бергенімді және М.Горбачевтан 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде жасаған әділетсіздігі үшін бүкіл қазақ халқынан кешірім сұратқанымды да біреу біліп, біреу білмеуі мүмкін. Күні бүгінге дейін сол Желтоқсан шындығын әйгілегенімізге  риза  емес  адамдар, анда-санда  болсада бой көрсетіп тұрады.

Әйтпесе, Декелбаев мырза сол кезде-ақ өзінің комиссия шешіміне енгенін жақсы біледі. Тіпті оның өз кінәсін мойындай отырып, комиссия шешімінен өз есімін алып тастау туралы өтініш айтқаны да кейбіреулердің есінде қалыпты. Сөйте тұра Декелбаев комиссияның 100-ден астам жұмысшы тобының арасында жүріп, кейбір істерімізге қолғабыс тигізгенін де жоққа шығармаймыз. Араға ширек ғасырдан астам уақыт түскенде Е.Декелбаев өзін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетіп, айқай көтергені қалай? Қолында дәлелі болса, сол кезде неге өзін ақтап алуға тырыспады? Біздің ұғымымызша, Декелбаев мырзаны жасырын қолдаушылардың ішінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің және оның рухани беделін қорғаған комиссияның абыройын түсіргісі келетін біреулер бар сияқты.

Жарияланған мәлімдемесінің соңына таман Е.Декелбаев былай деп күш көрсетеді:

«Сіз және кітапты шығарушылар (Берік Әбдіғалиұлы, Қайым-Мұнар Тәбей, Мәулен Әшімбаев, Асқаров Әлібектер болып) пресс-конференция ұйымдастырып, ел-жұрт алдында өрескел қателіктеріңізді мойындап, мені тарих алдында ақтаңыздар… Егер бас тартып, мені осындай «сатқын» күйде қалдыра беретін болсаңыздар, мен барлықтарыңызды сотқа тартамын!»

 

Керісінше, негізсіз, пайымсыз айыптауы үшін, маған және бүкіл комиссия мүшелерінің жасаған ісіне көлеңке түсіруге тырысқаны үшін, Ерлан Декелбаев өз мәлімдемесін жариялаған сайттарда, менен ғана емес бүкіл комиссия мүшелерінен және комиссия мүддесіне жасқанбай қол ұшын берген халық қаһарманы Қасым Қайсенов, халық жазушысы Сафуан Шәймерденов секілді ағалар басқарған жұмысшы тобынан кешірім сұрамаса, онда бұл жалақор мырзаны комиссия мүшелері және комиссия жұмысына тікелей қатысты адамдардың, сотқа тартуға мүмкіндігі бар.

 

Мұхтар ШАХАНОВ,

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын ашу және оған

түпкілікті баға беру комиссиясының тең төрағасы,

Қазақстанның Халық жазушысы,

Қырғызстанның Халық ақыны,

«Түркі тілдес халықтар арасындағы

ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері





41 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. admin Author 10 Қаңтар, 2017, 19:40

    ДЕКЕЛБАЕВТЫҢ ДАҢҒАЗА ӘРЕКЕТІ
    Жуырда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққандардың бірі Ерлан Декелбаевтың «Тарихи кітаптарға мені «сатқын» деп жариялатқан – Мұхтар Шаханов» деген мәлімдемесі шықты.
    Біздің ұғымымызша, Декелбаев мырзаны жасырын қолдаушылардың ішінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің және оның рухани беделін қорғаған комиссияның абыройын түсіргісі келетін біреулер бар сияқты.
    http://www.qazaquni.kz/2017/01/10/63044.html

    Жауап жазу
    • Мен 22 Қаңтар, 2017, 01:57

      Біздің ұғымымызша, Декелбаев мырзаны жасырын қолдаушылардың ішінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің және оның рухани беделін қорғаған комиссияның абыройын түсіргісі келетін біреулер бар сияқты.
      http://www.qazaquni.kz/2017/01/10/63044.html————
      Әу, желтоқсандық Декелбаевқа жала жапқан комиссияда қандай абырой болмақ!? Өйтіп «қорғағаны» құрысын! «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің және оның рухани беделін түсірген, таптаған комиссия» десеңші. Егер комиссия дұрыс жұмыс істегенде НӘН ,т.б. Мәскеудің жолжаулықтары баяғыда жауапқа тартылар еді ғой!?

      Жауап жазу
  2. Anargul Shalqynbay 10 Қаңтар, 2017, 21:14

    Кім не деседе М.Шахановтай қазақтың рухын ешкім көтере алмаған. Бос сөзді қою керек қой.

    Жауап жазу
  3. Махамбет 10 Қаңтар, 2017, 21:15

    Шахановқа ешкім шаң жұқтыра алмайды, кім не істесе де.

    Жауап жазу
    • Алдаспан 22 Қаңтар, 2017, 01:52

      Ия! Оған шаң да, су да жұқпайды. Не істесе де (істемесе де) «Как с гуся вода»

      Жауап жазу
  4. Патриот 10 Қаңтар, 2017, 21:17

    Мұхтар аға сондай түкке тұрғысыз адам үшін көңіл аудармаңыз. Сіз қазақтың біртуар Асқар тауысыз

    Жауап жазу
    • Кенесары 22 Қаңтар, 2017, 02:12

      Мұхтар » Көрдіңіздер ме, ол өзін тарихқа айналдырып отыр. Декелбаев тарихпен сыбайлас болатындай қандай іс тындырыпты.» дейді. Қазақтың ұлттық намысын қорғап түрме азабын шеккен Декелбаев тарихқа айналмағанда, Мәскеуде «кешін» өткізіп, үш айдан кейін Алматыда Комсомол пленумында желтоқсанда алаңға шыққан халық туралы «Кто им дал право говорить от имени казахского народа!» деп кіжінген М.Шаханов «тарихпен сыбайлас» болмақ па!? Сыбайлас екені анық – КГБ мен.

      Жауап жазу
  5. Мағжан 10 Қаңтар, 2017, 21:18

    Мұхтар ағаның батыр екеніне күмән келтірушілер көп оттағанды қойыңдар! Мұхаң сөз жоқ батыр ақын, оның батырлығы мен ерлігін дүниежүзі баяғыда мойындап қойған. Желтоқсан оқиғасынан кейін, күні кеше ғана болған жерді қытайларға сатуға қарсы жалпыхалықтық ереуіл болды. Сонда Мұхаң ғана қасқайып тұрып комиссияда бар шындықты айтты ғой, сонда сендер қайда қалдыңдар жалақор бишаралар! Мұхаң Қазақтың ұлы тұлғасы, тұлғаға жала жапқандар тұқымсыз қалмаңдар, байқаңдар!

    Жауап жазу
  6. Бек 10 Қаңтар, 2017, 21:19

    Тұсақ қой түстен кейін маңырайды. 25 -30 жылдан кейін оянғаныңның өзі кім екеніңнен хабар береді. Намысты ер кітап шыққаннан кейін 25 минутқа шыдамай сол алаңға барып жатар еді. Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап. Тусақ қойды түстен өріске шығарған адам кім өзіде оңбас,қазақ деген ұлтқа жағылған қара күйені қалай кетіргенін көргің келсе 1986 жылғы Мұқаң ағамыздың Москвада Съезде 4 минутта не айтқанын көр. Интернетте тұр ғой тайға таңба басқандай сол жерден Колбиндіде көресің.

    Жауап жазу
  7. Сәке 10 Қаңтар, 2017, 21:45

    «На основании показания..Декелбаева» деп жазылып тұр ғой. Ендеше неге сол қылмыстық істі мұрағаттан алдырып, «показаниесін» көруге болады ғой. Сонда бәрі белгілі болады.

    Жауап жазу
  8. Ерлан Декелбаев 10 Қаңтар, 2017, 22:16

    Мұхтар аға! Маған бәрібір күйе жаға алмайсыздар! Қателіктеріңізді мойындаңыздар! Босқа обалына қаласыздар!

    Жауап жазу
    • Мен ғой! 22 Қаңтар, 2017, 02:06

      М.Шаханов:»Медеу аудандық соты өздерінше «Осы азаматтың есі дұрыс па екен?» деген күдікке тіреліп, қаладағы Каблуков көшесінің бойында орналасқан психикалық сауықтыру (жындыхана) орталығына хат жіберген екен, олар Бекділда Алдамжаровтың 22 жыл бойына, жындыханада тіркеуде тұрғанын әйгілеп, бас дәрігері қол қойып, арнайы хат жолдапты. Сол хаттың баспасөзде жариялануы арамыздағы дауды сап тыйып, жұрт арасындағы беделімізге сүйеніш болған еді.
      Құдай оның бетін ары бұрғай, әйтсе де Е.Декелбаев туралы да жоғарыдағыдай ойға тірелгенімді жасыра алмаймын.» депті. Осы Мұқтар Щахановтың өзін жындыханада тексертсе «мания величие» және «мания преследование» деген екі диагнозды қоярына сенемін. Мына жазғыштарға қарасам бұл жұртқа Мұқтар мен НӘН- дей көсем жеткілікті екен. Онда Құдайға, тірліктеріңе несіне ренжисіңдер! Ертегілеріне тоқ болып жүре берсеңдерші!

      Жауап жазу
  9. Талап 10 Қаңтар, 2017, 23:28

    Ерлан қазақта сөз бар ер азамат өз қолымен істегенін мойнымен көтерет деген, Желтоқсан уақиғасынан кейін соттау, бірін бірі сату, қудалау басталды, мен сияқты алматыдан шалғайда тұратын оқудан шыққан желтоқсаншылар көп, менде сол кездегі АЭИ дің студенті едім, Мен ол кезде 23 те болатынмын, сындыра алмады, Сол менім үстіме жазғандар әлі жүр, Мұхтар аға сенің істегеніңнің цитасын жазып отыр ғой Исабеков С.К., тяжело раненный 18 декабря, был помещен в тюремную больницу КГБ. Против него было возбуждено уголовное дело (следователь Егоров). На основании единственного показания другого обвиняемого – Декелбаев Е.А. – Исабеков осужден впоследствии на 6 лет лишения свободы.» Кезінде мойныңа түскен жүкті көтере алмаған өзіңнен көр. Оралдан сәлем. ФБ – ғы сеніңде хатынды оқығам.

    Жауап жазу
  10. Нұрлан 10 Қаңтар, 2017, 23:52

    Жырлары намыс қайраған,
    Адалдыққа атын байлаған.
    Қазақтың қамын ойлаған,
    Сайқалдыққа мойын бұрмаған.
    »ТЖ»лар мен »Ор Кел Қаз»сынаған.
    Мұхтардай ұлдан айналам!
    » » »
    Əр тасын өзің қалаған
    Ғашықтар оқып жылаған
    Халықтың ар кез есінде
    Махаббат жайлы мұнараң.

    Жауап жазу
  11. Нұрлан 11 Қаңтар, 2017, 00:05

    Адалдықты атын байлаған,
    Сайқалдыққа мойын бұрмаған,
    »Ор Кет Қаз» бен »Тж»ларды сынаған,
    Мұхтардай ұлдан айналам!

    Əр тасын өзің қалған
    Ғашықтар оқып жылаған,
    Халықтықтың əр кез есінде
    Махаббат жайлы мұнараң.

    Қазақтың қамын ойлаған
    Тіл үшін талай зарлаған,
    Өзіңдей аға болсыншы
    Қазақтың ұлы ең жаман.
    » » »
    Құмында тұлпар тулаған
    Көгінде қыран самғаған
    Мұхтардай ұлды туғызған
    Отырар сенен айналам!..

    Жауап жазу
  12. Ерлан Декелбаев 11 Қаңтар, 2017, 10:34

    Мұхтар аға! Құдайдан қорықсаңызшы!

    Жауап жазу
    • Қайрат 22 Қаңтар, 2017, 01:20

      Ерлан-ау! М.Шақановты құдаймен қорқыта алмайсың, сайтанды айт!

      Жауап жазу
  13. Махамбет 11 Қаңтар, 2017, 11:45

    Мұхтар аға тек шындықты айтып отыр ғой Ерлан. Комиссия құжатында тергеуші Егоров жазбасында бәрі жазулы тұр ғой

    Жауап жазу
    • Емші 22 Қаңтар, 2017, 02:18

      М.Шахановтың «шындықты айтқанын» қашан көріп едің?!

      Жауап жазу
  14. Жанашыр 11 Қаңтар, 2017, 14:26

    Жасы келген сон , осирип отырган немере шоберелерине озин ,,Казак халкынын бир туар азаматы » екенин мангиликке калдыргысы келген накас адам екен. Желтоксаннын нагыз жанашырлары тири турганда, бул иске аса коймас.

    Жауап жазу
    • Қайрат 22 Қаңтар, 2017, 01:22

      Кім туралы айтып отырсың, Ерланға ма, әлде Шайтановқа ма?!

      Жауап жазу
  15. Гүлбахрам Жүніс 11 Қаңтар, 2017, 15:54

    МУХТАР АҒАНЫҢ ЖАЗЫП ОТЫРҒАНЫ АЩЫ БОЛСА ДА – АЙҚЫН ШЫНДЫҚ!!! Мұнанда зор ақиқат парақшалары ашылып, бұл ащы ақиқаттар жайлы Желтоқсандықтар да ҮНСІЗ қалмас…!!! «Өзгеге ор қазба – өзің түсесің» немесе «Кісі басындағы шоқты үрлегенше – өз басыңдағы боқты тазала» деген нақыл сөздерін ҰЛЫ ДАНА-КЕМЕҢГЕР БАБАЛАР ескерте айтып-жазып кетті емес пе???!!!

    Жауап жазу
    • Қайсар 22 Қаңтар, 2017, 01:25

      Гүлбақырамам! Онау жылы «өтірік айтқаны үшін Мұқтар Шақановтың басына турсиін кигізу керек!» деп теледен сөйлегеніңді ұмытып қалдың ба?!

      Жауап жазу
  16. Әбіл Жәкен 11 Қаңтар, 2017, 16:01

    Ей, желтоқсаншылар-ай, 30 жылға созылған «жырларың» енді неше жылға созылар екен. Шаханов пен Декелбаев о баста өзара шыдаммен сөйлесіп, түсінісулері керек еді, енді, міне, көпті у-шуға салды. Соттаспай тоқтайтын Декелбаев жоқ, – ұят-ақ! Нақты білетін желтоқсаншылар, Олжас Сүлейменов: «Қаламақыма 8 желтоқсаншыға пәтер сатып әпердім» депті, Орталық кітапханадағы былтырғы кездесуінде. Сонысы рас па, ақыннан пәтер алған кімдер барсыңдар! Әлде ол да «желтоқсан жырын» өзінше жазып жүр ме? Әйтеуір, анаған да, мынаған да «кейіпкер» бола бермей,, ойлансаңдаршы! :oilanu:

    Жауап жазу
    • Гүлбахрам Жүніс 11 Қаңтар, 2017, 18:42

      Ия рас бірақ 8 /сегіз/ кісі дегені жалған, 1 ғана кісіге көмектескен, «тағы да 6-кісіге береміз» деп … артынан маңайларына жуытпай, есігінің алдына «охрана» қойып «Я что вам объязан» деп басын алып қашып «құйыршығын» ұстатпай кеткен ол «Олжас-Алжас»!!! Ол Фонд «Сорос-Қазақстан» /Американың/ Семей-Невада қозғалысына берілген қаржылар көзін оңды-солды «пайдалану » жолындағы көзбояушылық «дүние» еді… ЕЕЕЕЕЕ …. Желтоқсанның атын жамылып… талайлар талай дүние жасаған… жасап та жүргендер әліде баршылық…

      Жауап жазу
      • Қайсар 22 Қаңтар, 2017, 01:30

        Гүлбахрам Жүніс 11 Қаңтар, 2017, 18:42
        Желтоқсанның атын жамылып… талайлар талай дүние жасаған… жасап та жүргендер әліде баршылық…——————————–
        «Жүргендердің» бірегейлері М.Шаханов пен Гүлбақырамның өзі емес пе!?

        Жауап жазу
  17. Қазақ үні 11 Қаңтар, 2017, 16:58

    Мұхтар Ағаның ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРТУР ҰЛЫ ЕКЕНІН, САНАСЫ ТҮЗУ, БОЙЫНДА ҚАЗАҚ БАБАМНЫҢ АРЫ-РУХЫ, НАМЫСы БАР ӘРБІР ҚАЗАҚ ЖАН ТӘНІМЕН СЕЗІНЕДІ ЖӘНЕ АНЫҚ БІЛЕДІ!!! БҮКІЛ ТҮРКІ ӘЛЕМІ МОЙЫНДАҒАН ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫНА, кейбір тексіз-жағымпаз-қорқақ немелердің тіл тигізуі ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨШПЕС ҚАСІРЕТІНЕ АЙНАЛҒАН сол баяғы 37-шы жылдың жаңғырығы ғой! Сол кезде де осындай жандардың азғын-сатқындығымен қаншама ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҚАЙМАҒЫ СЫЛЫНЫП АЛЫНДЫ!? Кешегі Қасиетті жеріміз үшін бас көтерген жандарды, қабаған байлаулы төбеттей қауып, ұстап,соттаған бойында ұлтымызға деген ешқандай сезімі жоқ жандар қайдан шықты?? Міне,бұл қазақты біртұтас ұлт қылып ұйытпау үшін жасалып жатқан жоспарлы шаралардың нәтижесінің бірі ғана.Қашан, әрбір қазақ азаматы «ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ» деген РУХТЫ СӨЗДІ өз бойына, жанұясына, ұрпағына сіңірмейінше біз ел болмаймыз!!!

    Жауап жазу
  18. Қолқоюсыз 11 Қаңтар, 2017, 17:21

    Комиссияның 22 адамы былай қалып, тек Мұхтар Шахановқа тиісуіне қарағнада Декелбаевтың артында жасырын күштер тұрған сияқты..

    Жауап жазу
  19. Салтанат 11 Қаңтар, 2017, 17:23

    Халық ақыны және батыры Мұхтар Шахановтан қолдарыңды тартыңдар!

    Жауап жазу
  20. Дүйсенбек Аяшұлы. 11 Қаңтар, 2017, 19:24

    . Ханға бардым, хан таппады мінімді, Биге бардым би таппады мінімді. Өз аулымдағы итке берсін күнімді дегендей ау. Мұқтардың күллі түркі жұртындағы абырой беделі таудан да биік. Өз қазағымыз ғой, мұндайды айтатын.

    Жауап жазу
    • Алмас 22 Қаңтар, 2017, 01:35

      Сонда не, желтоқсан қаһарманы Е Декелбаев қазақ емес пе екен? Мұқтарыңды түрмеге бір күн, бір сағат қамаса бұтына жіберіп қояр еді! Оған үкімет комиссия құрып беріп Желтоқсандықтардың абыройын түсіруге арнайы тапсырма бергенін 27 жыл бойына әлі түсінбей жүріңдер ме?! Мына жазғыштар, әдеттегідей, М.Шахановтың өз жандайшаптары. халыққа

      Жауап жазу
  21. Умит 11 Қаңтар, 2017, 22:00

    Ероан Декелбаев недеген адамсын намысын жок.Енды бартн койып Мухтар ага тиыстынба.сегде ар уйят ьарма доккумент далел деп отыргой шын манинде коммиссия уакында неге двлелдемедын.Кудайдан сен корык сениде мусман лейдау. есындеме буткил делтоксандыктар 2016ж акимшили кте медаль бергенде сен бас тартын алмаймындеп. Артынан 2 жетыде акимшилик барып арыз апврдын медальды бериниз деп саган оьказ берли. Содангейын 5 жыл жащып 2016 декабре внут пол. саган омырауна такты. Ер адам еки солемейды деушеды атвм.Сонда сен ким болдын. Ол аздаяк Бакгасарайда 14 декабрде Бакгасааайда айкай шыгардын мен режиссермын деп.Калдыбай ага али тири.Соны мутпа. ишкандай билимын жок.

    Жауап жазу
    • Күміс 22 Қаңтар, 2017, 02:21

      Мынау 1986 жылы бес қызды тергеушілерге көрсетіп соттатқан Умит Босманова ғой! «Қуды қу табады» деген рас екен-ау! Мұхтарды жақтамағанда қайтсын-ай!.

      Жауап жазу
  22. сабит 14 Қаңтар, 2017, 14:41

    Құрметті Қазақстандықтар. Мені Мұхтар Шаханов ағамызбен, Ерлан Декелбаев бауырымыздың ортадағы келіспеушілік, айқай, өкінішке орай қатты ренжітіп отыр. Өздеріңіз білесіздер Мұхтар аға Қазақ Халқының батыры, ақыны, Желтоқсан көтерілісіне еңбегін сінірген, тоқырау кезінде Желтоқсандықтарды қорғамақ түгілі олар туралы айтуға қорқатын заманда сол сотталған жігіттерді, қыздарды ақтап шыққан ЕЛ АЗАМАТЫ. Фейсбукка пікірін жазған азаматтарға айтарым, Сіздер Ерлан бауырымның батырлығын білмейсіздер Сол кезде Аланға шығып ҚАЗАҚТАР жасасын деген үшін алты жылға қалық жауы деп қамалған жігіт. Мен тағыда айтамын Ерлан мені сатқан емес, Менің /приговор/ Айыптау қағазымда сатқан азаматтар Қаржаубаев пен Гирин жазылған. Солардың куә ретінде берген түсініктемелері бойынша, мені төрт жылға қалық жауы деп соттаған. Мен Ерлан бауырыммен түрмеде танысқанмын, оған дейін бір бірімізді танымақ түгілі білмейтін едік. Ол менің қандас бауырымдай болып кеткен жан, егерде сатқын болған жағдайда, сол мезгілде, түрмеде жатқандақ мәлім болар еді. Пікір жазушы азаматтарға қоятын сұрағым бар, Сіздер отыз жылдың ішінде Желтоқсанда сотталған тоқсан тоғыз бауырларымызды әр қайсының өмір тарихын, олардың көрген қорлығын білесіздер ме?. Кәзіргі кезде тоқсан тоғыз бауырымыздан қалғаны алпысқа жетер жетпес барлығының денсаулығы жоқ жылдан жылға азаймасақ көбеймейді. Сондықтан пікірлеріңізді дұрыс бағытқа достастыруға шақырыңыздар. Еліміз тыныш болсын денсаулықтарыңыз мықты болсын.

    Жауап жазу
    • Арман 22 Қаңтар, 2017, 01:44

      Сәбит,, Ерлан туралы дұрыс айтасың! Бірақ М.Шаханов-су жұқпас «сөйлеген» (үкімет сөйлеткен) кезде түрмеде 8-ақ адам қалған, олар да шығарылар еді ғой кешікпей. «Тауықсыз да таң атқан». Ақтаған Шаханов емес, соттардың өзі еді ғой, шақырып арыз жаздыртқан. Желтоқсандықтар онысы да «ақ!». Екеуін де қорғапсың. Бірақ қайсынікі дұрыс екенін айтсаңшы?

      Жауап жазу
  23. Ардақ 22 Қаңтар, 2017, 01:49

    Мұхтар Щақанов «Горбачевті алдадым!» дегені ертегі ме? Әр нәсенің басын шалып ойбалап, нақты бір іс тындырмай-ақ ақымақтарға батыр көрініп жүргеніне қарағанда СССР басшысын алдағаны рас сияқты. СССР басшысын алдаған Мұқтардың қолынан қазақты алдау да неге келмесін!?

    Жауап жазу
  24. Халықұлы 22 Қаңтар, 2017, 02:27

    Мұхтар Шаханов «Желтоқсан көтерілісінің шындығын әйгілеу барысында 5 комиссия жұмыс жасады» дейді. Әй, сол комиссиядағы 100 адамға жалақыны үкімет төледі ғой. Ендеше, «биліктің тапсырмасын орындадық» деп ашығын неге айтпайсың. Сол үшін 13 жыл елшілік қызмет алдың НӘН-нің командасында болып. Халықты ақымақ санайсың ғой. Бүгінгі жұртты алдағаныңмен тарих ертең артыңды ашады әлі.

    Жауап жазу
  25. Алашбек 22 Қаңтар, 2017, 02:30

    Япыра-ай, ә! ««Түркі тілдес халықтар арасындағы

    ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері» деген атақ беретін комиссияның офисі қай мемлекетте екен?! Өтірікті де ойлап айту керек қой.

    Жауап жазу
  26. Білге қаған 22 Қаңтар, 2017, 02:38

    Өткенде бір жиында М.Шаханов: «Мені түрк әлемінің зиялыларының төрағасы етіп сайлады»-деп соқты. Жұрт ду қол шапалақтады. Ойладым, «Әу, зиялыда төраға болушы ма еді? Партия, я бір завод, т.б. мекеме емес, әр зиялы үйінде отырып сөзін жазса, оған төраға неме керек? Төраға басқаратын болса оның несі зиялы?» деп. Жарайды, М.Шаханов не айтпайды. Қынжылтары – осындай сандырақтарына жұрттың зомбиленгендей, ойланбастан ду қол соғауы.

    Жауап жазу
  27. Дос 22 Қаңтар, 2017, 02:44

    М.Шаханов: «негізсіз, пайымсыз айыптауы үшін, маған және бүкіл комиссия мүшелерінің жасаған ісіне көлеңке түсіруге тырысқаны үшін, Ерлан Декелбаев … жалақор мырзаны комиссия мүшелері және комиссия жұмысына тікелей қатысты адамдардың, сотқа тартуға мүмкіндігі бар» -дейді. Қайран, Ерлан Декелбаев-ай! КСРО жендеттері соттағаны аздай, енді М.Шаханов соттайтын болды-ау!

    Жауап жазу
  28. Хасен Қожа-Түрк 23 Қаңтар, 2017, 23:20

    Бір апта бұрын бір Желтоқсандық телефондады: «Интернетті ашыңыз» деп. Ерлан! Митингіде маған М.Шаханов сөз бермей: «Провокация жасауға келді!» – деп (мен әлі ауыз ашпасам да) айқалап, милиция шақыртқанда, сен де маған жұдырығыңды түйіп кіжінген едің. Комиссия жұмысы кезінде (1990 ж.) М.Шахановтың қасында А.Нәлібаев екеуің ғана жүрдіңдер. Өзгемізді жолатпады. Айтайын дегенім: 21 желтоқсандықтан «Декелбаев сатқын» деген арыз түскен болса, сол кезде-ақ Ерланды М.Шаханов неге қасынан қумай, осы күнге шейін тату болып келді? Ол кезде мен «Желтоқсан» ұйымының төрағасымын, мөр менде. 21 желтоқсандық қалайша маған айтпай хат жазып М.Шахановқа бермек? Көтеріліс кезінде алаңға шыққандар бірін бірі танымайтын, бір-бірінің сотына қатысардай жағдай болған емес. 21 желтоқсандық комиссияға қатыстырылған емес, ендеше олар қалайша, не деп М.Ш.-ға арыз жазбақ? М.Шахановтың: «Бәлен туралы түген деген хат алғанмын» , деп желтоқсандықтарға жала жабуы бірінші рет емес. «Желтоқсандықтар Қадыр Мырзалиевті сабамақ болды», -деген өтірігін бетіне ел алдында айтсам да тоқтар түрі жоқ…Жасы 75-ке келсе де даңғазалығын қояр емес. Оны қойшы, мына жақтаушыларының түрі «қызық екен». Егер сотталған Исабековтың өзі: «Олай болған жоқ, Ерлан менің сотыма қатысқан емес, Үкімімде ондай сөз жоқ»,- деп жазып отырғанына қарамастан М.Шахановтың газеттен Ерланға анадай деп өрепкуі, сау адамның ісі ме?! Пікір жазғыштардың Істі нақты басынан өткерген, сотталушы Исабековтың сөзіне сенбей, Мәскеуде кешін өткізіп жүрген М.Шахановқа «не десе де сенеміз» деуі де таңқалдырады!

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*