Валюта бағамы USD : 311.59 | EUR : 349.39 | CNY : 45.41

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!

Қытайлықтар Димаш Құдайберген туралы фильм түсіргелі жатыр

Қытай елінің ең беделді орталық Hunan TV телеарнасы 2 млрд xалыққа қазақтың жас әншісі Димаш Құдайбергенді таныстырды деп хабарлайды «Тілші».

Димаш Құдайбергенге көзі түскен қытайлықтар ол туралы фильм түсіргелі жатыр 

Бұл туралы жас әншінің досы Алпамыс Шаримов өзінің Instagram желіcіндегі парақшасында:

«»I am singer» деп аталатын байқаудың биыл 5-ші маусымы. Қытайдың, тіпті, алыс-жақын шет елдің «сен тұр, мен атайын» әншілері, танымал жұлдыздары, күллі әлем, стадион мен ареналарды жинап жүрген 6 әншісіне қарсы біздің Димаш бағын сынап, бәйгеге түседі. Бұл жас әншілердің жарысы емес, Димашқа қарсы «Қытайдың Роза Рымбаевасы, Алла Пугачевалары (сіздерге түсінікті болу үшін жазғаным)» қарсы шықпақ. Біздің бала ең жасы. Бұл бұрынғы байқаулардан мүлдем бөлек. Ақтық сынға дейін жету үшін үлкен еңбек, үлкен дайындық болды», — деп жазған.

Алпамыс бұл сайыс 2 млрд xалыққа Димашты, Димаш арқылы қазақты танытатын үлкен мүмкіндік екенін айта отырып:

«Димаш үшін әрбіреуіңіздің айтқан тілектеріңіз бен ниеттеріңіз өте маңызды! Сондықтан, бәйгеге шапқан ұлдарыңыз үшін «тақымдарыңызды» қысып, дұға-тілектеріңізді оқып, баталарыңызды беріп отырсаңыздар, содан асқан шабыт бар ма?! Қазақ, қолда қазақ баласын!», – деп қазақстандықтарды Димашты қолдауға шақырады. 

Димаш Құдайбергенге көзі түскен қытайлықтар ол туралы фильм түсіргелі жатырСондай-ақ, Димаштың анасы, әнші Светлана Айтбаева Ақтөбеге Қытайдан түсіру тобы келіп, Димаш жайлы фильм түсіретінін жеткізген.

«Бұл байқауға біз екі жыл бұрын өтініш жолдадық. Шара басталмайынша ол туралы ешқайда хабарламауымыз керек болды. Байқау шарты сондай. Байқау әділ өту үшін Димаштың қасында оның жүріс-тұрысы, ішетін тамағына дейін қадағалап отырады. Қобалжимыз, әрине! Енді осы айдың ортасында Қытай телевидениесінің өкілдері келіп, баламыздың оқыған оқуы, ортасы жайлы фильм түсірмек», — деді ақтөбелік әнші Светлана.





2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Alac 9 Қаңтар, 2017, 15:30

    Dimac alg’a ,Qazaq alg’a!

    Жауап жазу
  2. Мейрам қабдырахманұлы 9 Қаңтар, 2017, 19:08

    Айналайын димаш сені қазақтың ұлттық рухын көтерсін деп үмітпен тəрбиелеген əке-шешеңе мыңда бір рахмет ! Бірінші АЛЛА ,екінші ХАЛҚЫҢ қолдасын,Майра апайыңа да Рахмет сені үкімет үміт артып отырған сен Əн айтқанда ұлы даланы бір шарлап шыққандар əсет алып Рахат тағам. Жолың болсын жаным халқының білімін сені қолдамау қазаққа сын.Бойыңдағы талантыңа жеткен жетістігің мен еңбегің сай қарғам көрінген таудың алысты ғы жоқ сол биікте көктуды желбіретіп халқыңның марапаты мен мақтауына ие бол жаным.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*