Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы қамауға алынды

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы қамауға алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығы қамауға алындыБұл ақпаратты тілшіге Ұлттық банк баспасөз қызметі растаған. Басшылықтан нақты кім қамауға алынғаны әзірге айтылмады. Алматы ҰҚК департаменті БЖЗҚ-нің 5 млрд теңгеге жасалған келісімін тергеуде.

Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған. Аты-жөндерін білмеймін, біз оларды атамадық. Жетекші мен орынбасарларының бірі қамауға алынған", - деді Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Айта кетейік, Терентьев 6 қаңтардағы баспасөз мәслихатында БЖЗҚ-ға қатысты қылмыстық істің Ұлттық банктің өтінішінен кейін қозғалғанын мәлімдеген.