Валюта бағамы USD: 332.20 | EUR: 355.50 | CNY: 48.00

М. Байғұт: “Бешбармақ” деу – қазақтың ұлттық тағамын қорлау (видео)

Картинки по запросу мархабат байғұт

Жазушы Мархабат Байғұт біздің ойымызда жүрген дүниені дөп басып көтерген екен. “Бешбармақ” сөзі қазақты отарлаған орыстың ойлап тапқаны” дейді ол. Бұл туралы «Дала мен Қала» жазды.

“Бешбармақ” деген сөзден құтылу керек. “Бешбармақ” деу ұлттық тағамды қорлау. Бұл сөзді баяғыда бізді отарлаған кезде генерал-губернаторлар мен олардың жандайшаптары ойлап тапқан. Қолмен жегенді ” казахи бешбармачничают” деп мазақтаған.

Әбден қорлық көріп, отарлаудың зардабын тартқан қазақ бұл сөзге көне салған, оны қабылдай салған. “Бешбармақ” деп айтуға да болмайды, жазуға да болмайды. Ет немесе орысша айтқанда “мясо по казахский” деу керек.

Бірақ, бұл атау бәрібір қалмай келе жатыр. Неге? Себебі, оны отырыстарда өзіміз айтып жүрміз. Бұл дұрыс емес.

Біздің Шымкентте “Бешбармақ” деген атаумен төрт дәмхана ашылған. Солардың екеуін улап-шулап жүріп жаптырдық. Екеуі әлі тұр.

Сондықтан, бұлай деп жазбаңыздар, айтпаңыздар. Бұл қазақша етіміздің қорлау…” дейді жазушы.

Жазушы бұл пікірін белгілі журналист Төребек Байтасовтың бағдарламасында айтты.



4 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Канат Токенов 5 Қаңтар, 2017, 21:16

    Дурыс айтылган, бари дурыс. Осы келемешти коятын уакыт алдекашан келген, осы атаумен казактын етин корлагандармен бурын советтер заманында тобелескенбиз. Атырауда ресторанда,, мясо по казахский»-ди кайта сурап ,,фу бешмармак что ли» дегени ушин баска улттын азаматы таяк жеген. Бирнарсени орысша атауы аркылы тусиндируди кою керек. ,,Мясо по казахский»- дегенди кою керек. Тусинбеген, тусингиси келмейтиндер кери тусинсин! ЕТ деген атаумен казактык бренд жасау керек. Тамактын патшасы, царь блюдо!

    Жауап жазу
  2. Асқар 5 Қаңтар, 2017, 23:37

    Сөзінің жаны бар.
    Қырғызстанмен шекаралас аймақтарда қазақ тілінің жағдайы өте мүшкіл. Жергілікті халықтың үлкен бөлігі қазақ тілін қырғызсымақ тілге айналдырып жіберді. Сөйлегенде Ш әрпін қайдағы жоқ Ч әрпіне ауыстырады. Мысалы чықтым, чекара, чөп чаптым т.б. Осы жақтағы елді мекендерде ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ Ч ӘРПІ ЖОҚ деген билбордтер орнату керек шығар. :oilanu:

    Жауап жазу
  3. Болат 6 Қаңтар, 2017, 18:20

    Қазақтың ұлттық тағамы «Бесбармақ». Бұрынғы кезде барлық ұлттар, халықтар жақсы да сапалы затты, нәрсені, істі, қимылды, ойды бармақ көрсету арқылы 5 балдық жүйемен бағалайтын. Сапа қандай деген де, мынандай деп бармағын көрсететін. Мысалы, олар мені мына (бармағын көрсетіп) деген марқаны сойып, күтті деп келетін немесе ол елде мынандай, мынандай жылқылар өсіріледі екен деп бармағын бірнеше рет көрсететін және осыған ұқсас сөз тіркестері қазақ тілінде және басқа тілдерде көптеп кездеседі.
    Бағзы заманда қазақтарда, басқа халықтарда, гректердің олимпиадасы сықылды неше түрлі халықаралық жарыстар ұйымдастырып тұрған. Мәселенки, қазақтар ас берген, жәрмеңке өткізген, наурызды мейрамдаған, қымыз мұрындық жасаған, соғымды алты ай қыс тойлаған. Осы мерекелерде шабандоздар, палуандар, әншілер, ұсталар және өзге де өнерлілердің жарысы өткізіліп тұрған, бұл сайыстарға басқа елдерден де өкілдер қатысқан. Сондай бір мейрамдағы аспаздар жарысында қазақтар өздерінің ұлттық тағамдарының ішіндегі ең кереметін, қазы, қарта, жал, жая және жылқының басқа да еттеріне қамыр (кей жерде су шелпек, енді бір аймақта ұн, тағы бір өңірде нан дейді), пияз және өзге де дәмдеуіштер қосылып пісірілген, дәмі тіл үйірген тамағын көрсеткен. Жарыстың төрешілері әділ қазылар (қазірше айтқанда судьялар, жюри мүшелері немесе реферилер) алқасына қазақ аспаздары әзірлеген ауқат өте қатты ұнап, төреші боп отырған 5 реферидің барлығы бірден бармақтарын көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, ал егер судья жалғыз болса бармағын бір емес 5 рет көтеріп «5 бармақ» бағасын берген, яғни қорыта айтқанда бұл тағамның сапасы бармақпен көрсетіліп, анықталып, белгіленіп «5 бармақ» деген немесе бізше айтқанда «5 – бес» деген бағаға ие болған, сондықтан, «Бесбармақ» деп атау алған.
    Кейінірек кейбір өз ұлтының жақсысын көрсете алмайтын намыссыздар, ұлттық пайымы жоқ рухсыздар бұл сөздің мағынасын бұзып, бұрын қазақтарда қасық, шанышқы болмаған, мәдениет, тазалық болмаған, олар жабайы болған, сосын тамақты бес саусақпен немесе қолмен жеген, сол себепті бұл тамақ «Бесбармақ» аталған деп, қисынсыз және қате аударып, сөйтіп өздерінің сауатсыздығын да көрсетті.
    Ол сауатсыздар айтқандай болса бұл тағам онда «Бессаусақ» немесе «Қолтамақ» не «Жабайылық» деп аталу керек еді ғой, не болмаса әр қазақта бес бармақ болу керек қой. Егер адамда бес бармақ болса ол адам ауру, құбыжық болып есептеледі ғой. Ал, дұрыс дамыған адамның қолында бес бармақ емес бес саусақ болады, әр саусақтың атауы бар (бармақ, үйрек, терек, шүмек, бөбек), қолдың дене жағындағы қысқа әрі жуан саусағы бармақ деп аталады. Қазақтар жабайы болса әр саусақтың атауына мынадай нәзік, яғни бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек деген лирикалық қосымша анықтамалар бере алмас еді ғой. Қазақтар жабайы болса етті пісірмей-ақ жей беретін еді ғой, ал олар етті қайнағаннан кейін кем дегенде 2 сағат пісіреді ғой, өйткені олар білген 2 сағат қайнаған етте зиянды микробтар мен вирустардың бәрі өліп қалатынын, яғни олар жабайы емес керісінше терең білімді жан-жақты дамыған адамдар болған.
    Сосын, жабайы жылқыны әлемде алғашқы боп қолға үйреткен, оны сұрыптап етті, сүтті, мінетін, жұмысқа пайдаланатын түрлерін іріктеп шығарған, оның етінен қазы айландыруды ойлап тапқан, бие сүтінен қымыз дайындауды ойлап тапқан, ауыздығымен жүген, үзеңгісі және өмілдірік, құйысқанымен ер-тұрманды, тағаны және басқа да кереметтерді ойлап тапқан қазақта қасық, шанышқы болмаған, сондықтан «Бесбармақты» бес саусақпен жеген дегенді айтқандар ғылыми логикасы жоқ, сауатсыз емей немене!
    Қазақтар «Бесбармақты» қазанға пісірген, пісіру үшін пеш не мосы жасаған, ошаққа отынды балтамен дайындаған, қазаннан «Бесбармақтың» еті мен су шелпегін сүзгімен алып табаққа салған, «Бесбармақтың» етін пышақпен не бәкімен тураған, «Бесбармақтың» сорпасын ожаумен кесеге құйып құрт не қатық қосып ішкен, осы заттардың бәрін және басқа да ғажайыптар ойлап тапқан қазақ қасық пен шанышқы жасай алмауы мүмкін емес қой!
    Қазақтар үйге кім келсе де, мейлі ол патша ма әлде батыр ма, үлкен бе не кіші ме, әйел ме, еркек пе қолын жуғызбай дастарханға отырғызбаған, ас дайын болды, қол жуыңыздар деп әр кісіні міндеттеген, яғни адам таза қолмен тағам жеу керек екенін қатты қадағалаған. Өйткені, олар тазалық денсаулық кепілі екенін білген, содан кейін денсаулық ең алғашқы байлық деген ғой. Жуыну үшін сабын гүлден сабын қайнатқан, неше түрлі ыдыс пен сүлгі, орамалдар және басқа да ғажайып-кереметтерді ойлап тапқан қазақтарда қасық пен шанышқы болмапты, сосын олар тамақты қолмен жепті дегенге кім сенеді?
    Палау, манты және басқа да көптеген тағамдарды да қолмен жейді немесе жеуге болады ғой, онда оларды неге «Бесбармақ» деп атамаған?
    «Бесбармақты» әр қазақ әрқалай, көңілі қалаған әдіспен жеген, яғни қолмен жегісі келсе қолмен жеген не болмаса қасықты әйтпесе шанышқыны пайдаланған.
    Басқа тағамнан «Бесбармақтың» тағы бір артықшылығы оны қолмен де, қасықпен де, шанышқымен де жеуге болады.
    Қазіргі кезде «Бесбармақ» тағамын «Ет» немесе «Қазақша ет» деп атау керек деген қозғалыс пайда болды, ондай ойдағы адамдар «Бесбармақ» терминінен ұяламыз дейді. Оларға айтарымыз, ет деген сөз тамақ жасауға керек шикізаттың анықтамасы, оны қалай жейсің, оны пісіру керек қой. Сосын ол ет ненің әйтпесе кімнің еті, қандай ет, яғни қазақша айтқанда қандай мүше. Әлемде көптеген ұлттардың төл тағамдарына ет қосылып дайындалады, оларды қалай атаймыз, «Ет» деуіміз керек пе? Орыстың борщына да ет қосылады, оны «Орысша ет» дейміз бе? «Бесбармақ» тағамы тек қана еттен тұрмайды ғой, оның құрамында су, тұз, кесек ет, еттің майы, қазы (қазы ішек пен қабырғаның етінен жасалады), сүйегі бар ет, сүйектің майы, қамыр (қамыр ұн, жұмыртқа, ашытқы және тағы басқа да заттардан жасалады) және тағы да басқа заттар болатынын елдің бәрі біледі, яғни ол көптеген заттарды қосып, белгілі бір рецептпен, өзіндік технологиямен қолдан жасалған, құрамы күрделі, сапасы жоғары, атауы бар, пайдалануға дайын соңғы және түпкілікті, ұлттық һәм отандық өнім.
    Қорыта айтқанда, «Бесбармақ» деген атау тегін атау емес, ол ғылыми һәм тарихи термин және оны бүкіл дүние жүзі мойындап отыр. Сондықтан, «Бесбармақ» атауының мағынасын басқаларға ештеңеден де, ешкімнен де ұялмай, осылай заманауи логикамен түсіндіріп, қазақтың ұлттық тағамын ғаламға паш ете беруіміз керек!
    Өйткені, жоғарыда келтірілген кереметтер, айтсақ олар қазақтар ойлап тапқан көптеген ғажап заттардың аз ғана бөлігі ғой, біздің елімізде бағзы заманнан-ақ білім болып, ғылым дамығанын, өндіріс өркендеп, мәдениет пен өркениет қатар жүргенін көрсетеді.
    Мен ойлаймын әркім осылай қазақтың әр сөзіне, сөз тіркестеріне талдау жасаса, олардың нағыз мәнін, терең мағынасын, керім мәйегін табуға болады деп ойлаймын. Сонда біз өзіміздің тарихымыздан, мәдениетімізден, салт-дәстүрімізден, тілімізден, қазақи сөз тіркестеріміз бен философиямыздан ұялып жүрген жастарға дұрыс бағдар береміз, олардың білімін, намысын және рухын көтереміз.
    1987 жылғы 01 наурыз

    Жауап жазу
  4. Бектас 9 Қаңтар, 2017, 11:57

    Өте дұрыс айтылған, бұл қазақты кемсіту, қорлау үшін қолданылған сөз тіркесі. Астың өз атауы болады. Ол атау асты жейтін құралдың атымен аталмайды. Бұл жерде әңгіме қазақты кемсіту туралы айтылған, қолданысқа еніп кеткен сөз тіркесі туралы болып тұр. Намысы жоқ құл құтандар ғана мәз, «Бесбармақ» дегенді тастамай, эфирге шығарып, ақпарат көздерінен тастамай жүрген. Борщ орыстардың асы емес, ол украиндықтардың асы.

    Жауап жазу

Пікір жазу

Сіз не дейсіз?
*

 aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa aaa Көңіл күй бейнелер авторы: IMKAZ.kz.